Zanussi ZGX 565414 X User Manual

Page of 44
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрттің пайда
болуына алып келуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Сірке суы, лимон шырыны немесе əк
дағын кетіретін құралдар тəрізді қышқыл
заттарды пештің үстіне тигізбеңіз. Бұл
заттар ақтаңдақ із қалады.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы.
Бұл құрылғыны басқа мақсатта, мысалы,
бөлмені қыздыру үшін пайдаланбаңыз.
• Газбен пісіретін құрылғыны пайдаланған
кезде қызу жəне ылғал бөлінеді. Құрылғы
орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған
кезде қосымша желдету қажет болуы,
мысалы, терезені ашу немесе барынша
тиімді желдету тəсілін пайдалану қажет
болуы, егер механикалық тартқыш бар
болса, оның қарқынын арттыруға
болады.
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз. Шыны
плита (егер болса) қатты қызып,
жарылып кету қаупі бар.
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
• Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
орнатылғанына жəне пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті əкімшілік мекемеге
хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
 
5
www.zanussi.com