Zanussi ZOG 511211 B User Manual

Page of 72
Пеш газының оттығын жаққаннан
кейін
1. Газды басқару тетігін босатыңыз.
2. Газды басқару тетігін бұрап, қажетті
қызу параметрін орнатыңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
Гриль
1. Тұмшапеш функциясының   тетігін
сағат тілінің бағытымен бұрап, ең
жоғары температураға қойыңыз.
2. Гриль мен шұңғыл науаның
сырғытпасының деңгейін қалыңдығы әр
түрлі тағамға лайықтап реттеңіз. 
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және
баппен пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
• Ауа барынша жақсы ауысу үшін және
тағамды майы мен сөлінен бөлу үшін
тағамның көбін шұңғыл науаға салып,
оны тор сөреге қою керек. Егер
қаласаңыз, балық, бауыр және бүйрек
тәрізді тағамдарды шұңғыл науаға тура
салуға болады.
• Тағамның май-сөлі шашырамас үшін
тағамды қақтамас бұрын мұқият кептіру
керек. Пісіру барысында кебір болып
кетпес үшін майсыз еттер мен балыққа
шамалы өсімдік майын немесе сары май
жағыңыз.
• Етті қақтаған кезде қызанақ және
саңырауқұлақ тәрізді қосымшаларды
тордың астына салуға болады.
• Нанды қыздырған кезде үстіңгі
сырғытпаны пайдалану керек.
• Тағамды пісіру барысында қажетінше
аударып отыру керек.
Гриль индикаторы
Грильмен пісіру функциясы таңдалғаннан
кейін гриль индикаторы жанады. Ол пеш
қажетті температураға дейін қызған кезде
өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы
қажетті температураның реттелгенін
көрсетеді.
Сағат функциялары
Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ
уақытын орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз да,
содан кейін қажетті уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Керек-жарақтарды қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы істікті қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті пайдаланған
кезде абай болыңыз.
Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті алған кезде
тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік
пен гриль ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
A
B
C
D
A) Бұрылмалы істіктің жақтауы
B) Шанышқылар
C) Істік
D) Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре
қалпына қойыңыз.
8
www.zanussi.com