Hotpoint-Ariston E4D AA SB C Quadrio User Manual

Page of 80
80
KZ
195099589.04
02/2012
 Жалпы қауіпсіздік ережелері
•  Бұл бұйым жай ішінде үй шарттарында пайдалануға
арналған коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда 
пайдалануға болмайды. 
•  Тоңазытқыш үй жағдайында м
ұздатылған және салқындатылған тағамдарды осы 
нұсқаулыққа сәйкес мұздату үшін ересек адамдар ғана 
пайдаланылуы қажет. 
•  Тоңазытқыш көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым 
салынады, өйткені оған жаңбыр және нажағайдың әсері 
өте қауіпті болып саналады. 
•  Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен 
жақындамаңыз.
•  Тоңазытқыштың ішін суытатын беткейлерін ұстамаңыз, 
өйткені сізді аяз үсігі шалып немесе зақымдалуыңыз 
мүмкін.
•  Бұйымның вилкасын розеткадан ажырату үшін ешқашан 
өтізгіштен тартпаңыз.
•  Бұйымды тазаламас бұрын вилканы міндетті түрде 
розеткадан ажырату керек, токпен байланыс болмау керек. 
Тоңазытқышты толық өшіру үшін тұтқаны  ӨШІРУ (OFF) 
бұрау арқылы өшіру жеткіліксіз. 
•  Ақаулар болған жағдайда, ешқашан механикалық 
бөлшектерге ақауларды жою мақсатында өз бетінше 
әрекет етпеңіз. Тәжірибесі жоқ адам жүргізген жөндеу 
жұмысы арқылы зақымдалу немесе құрал жұмысында 
күрделі ақаулар орын алуы мүмкін. 
•  Қатырылған азық-түліктерді сақтауға арналған бөлімше 
ішіне үшкір және кесетін заттарды, сонымен қатар өндіруші 
рұқсат бергендерін қоспағанда электр құралдарын 
салмаңыздар. 
•  Мұздатқыштан жаңадан алынған мұз бөліктерін ауызға 
салмаңыздар. Бұл бұйымды физикалық, сезімталдық 
немесе ақыл-есінде кемістігі бар (балаларды қоса 
алғанда), тәжірибесіз тұлғалар немесе тәжірибесіз 
тұлғалардың бұйымды олардың қауіпсіздіктері үшін 
немесе бұйымды пайдалануды үйретуге жауапты тұлғаның 
бақылауысыз пайдалануына рұқсат берілмейді.
•  Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат бермеңіздер. Оларға 
жәшіктерге отыруға және есіктерге сүйкеніп тұруға рұқсат 
бермеңіздер. 
Қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау
• Тоңазытқышты салқын жақсы желдетілетін жайға сақтаңыз, 
тіке күн сәулелерінің түсуінен сақтаңыздар, сонымен 
қатар бұйымды жылу шығаратын заттың жанына 
орналастырмаңыз.
• Азық-түліктерді қажет болған жағдайда ғана алуға, салуға 
тырысыңыздар.
• Ыстық тағамдарды қоймаңыздар, өйткені ол камераның 
ішіндегі температураның артуына әкеледі, ол 
компрессордың 
артық жұмыс істеуін талап етеді, оған электр энергиясы да 
көп жұмсалады. 
• Бұйымды мұз пайда бола салысымен  үнемі ерітіп 
отырыңыздар («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара); 
мұздың қалың қабаты азық-түлікке суықтың берілуін  
қиындатады, сонымен қатар электр энергиясының 
тұтынылуын  арттырады. 
Ақауларды жою
Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау 
қызметіне («Қолдау» бөлімін қара) қоңырау шалмас бұрын 
төмендегілерді тексеріп алыңыз: 
Ешбір индикатор шамы жанбайды.
• Күтіп ұстау функциясы белсенді болмаса (бөлімді қараңыз), 
демек айыр розеткаға қосылмаған, толық салынбай тимей 
тұр немесе үйде ток жоқ.қ.
Мотор іске қосылмайды.
• Тоңазытқыш мотордың  қорғаныс жүйесімен жабдықталған 
(«Қосу» бөлімін қара)
Дисплей қосулы, бірақ дұрыс жанбайды.
• Вилканы шығарыңыз, оны бұраңыз және оны қайтадан 
розеткаға қойыңыз. 
a) 
Дабыл беріледі.
Тоңазытқыш есігі екі минуттан аса уақытқа ашық қалған 
(есікті жапқан кезде, дабыл тоқтайды) немесе дұрыс өшіру 
процедурасы орындалмаған (Жөндеу бөлімін қараңыз).
b)Дабыл беріледі және екі көк индикатор шамы 
жыпылықтайды.
Мұздатқыш ішіндегі температура тым жоғары. Тағам 
өнімдерінің сапасын тексеріп, қажет болса лақтырыңыз.
                       + сигнал = жылу шамадан тыс
с)Дабыл беріледі және екі көк индикатор шамы мен 
жасыл шам жыпылықтайды.
Мұздатқыш ішіндегі температура қауіпті мәнге жеткен.
Тағамды дереу тастау керек.
                          
+ сигнал = жылу қаупі
b/c)Осы жағдайлардың екеуінде де, тағам еріп кетпеуі үшін 
мұздатқыш 0 °С шамасындағы температураны ұстап 
тұрады.
Дыбыстық сигналды өшіру үшін тоңазытқыш есігін ашып 
жабыңыз.
қалыпты жұмысты қалпына келтіру үшін басқару тақтасында 
түймелердің көмегімен өнімді өшіріп, қайта қосу керек 
(сипаттаманы қараңыз)
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш суытпайды.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе нығыздағыштары 
зақымдалған.
• Есіктер жиі ашылады.
• Аса жоғары температура тапсырылған («Қосу» бөлімін 
қара).
• Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдері толып тұр. 
• Тоңазытқыш айналасындағы температура 14°C төмен.
Тоңазытқыш ішіндегі тағам мұздай бастады.
Температура дұрыс реттелмеген (сипаттаманы қараңыз)
Мотор үнемі жұмыс істеп тұрады.
• СУПЕР ҚАТЫРУ (жылдам қатыру) түймесі басылған: 
СУПЕР ҚАТЫРУ сары лампасы қосылған немесе 
жыпылықтап тұр («Сипаты» бөлімін қара).
• Есік дұрыс жабылмаған немесе үнемі ашылады. 
• Қоршаған орта температурасы өте жоғары.
Тоңазытқыш қатты шулайды.
• Тоңазытқыш вибрация беретін және шу жасайтын 
шкафтардыңортасына қойылған. 
• Ішкі хладагент өшірулі компрессордың өзінде аздап 
шуылдап тұрады. Бұл қалыпты жағдай. 
Тоңазытқыш түбінде су пайда болды.
• Суды ағызу тесігі бітеліп қалған («Техникалық қызмет 
көрсету» бөлімін қара).  
-26
+8