Polaris PMC 0527 D User Manual

Page of 123
81 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі  жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
 
Құралды  пайдаланғанда  айналасында  бос  орындардың  жеткілікті  екеніне  көз  жеткізіңіз.  
Жиһаз, перделер сияқты өрт қауіптілігі бар  нысандардан  15см қашықтықта болуы тиіс. 
 
Құралды пайдаланғанда оны  құрғақ  термоберік қабатқа  орнатыңыз. 
 
Алғаш  рет  пайдаланар  алдында  жағымсыз  иісті  кетіру  үшін  мультипісіргіштің  тостағына  
толық  мөлшерде  су  құйып,  максималды  температуралық  («Қыздырып  пісіру»)  режимінде  30 
минут бойы қайнатыңыз. 
 
Бағдарламаның  жұмыс  барысында  мультипісіргіштен  тостағанды  шығармаңыз,  сондай-ақ,  
ішкі   ыдыссыз әзірлеу бағдарламаны іске қосуға болмайды. 
 
Мультипісіргішті  жылу  шығаратын  құралдардан  (электр  немесе  газ  асүй  пештері)  сияқты  от 
көздерінен алыс жерлерге орнату қажет. 
 
Күйіп  қалмас  үшін    жұмыс  істеп  тұрған  құралды  ұстамаңыз.  Пайдаланып  болғаннан  кейін,  
мультипісіргішті суытыңыз, кері жағдайда терінің күйіп қалу қаупі бар. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, кернеуді тексеріңіз. 
 
Егер тағам әзірлемесеңіз, электр құралын  желіге қосылған күйінде  қалдырмаңыз. 
 
Құралды  желіден  ажыратар  алдына  қашанда  құрал  күту  режимінде  тұрғанына  және  ешбір 
бағдарлама іске қосылып тұрмағанына көз жеткізіңіз. 
 
Құрал электр желісіне қосылып тұрғанда ешқашан құралды көтермеңіз/жылжытпаңыз 
 
Құралдың  ішкі  тостағаны  тағамдық  азықтармен  толтырылуы  болса,  құралды  тасымалдауға 
болмайды. 
 
Мультипісіргіштің жұмысы  барысында  ішкі кастрөлді ұстамаңыз. 
 
Құралды  тазарту  үшін  абразивті    тазартқыштарды  және    агрессивті  жуғыш    құралдарды 
пайдаланбаңыз. 
 
Тағамды немесе суды мультипісіргіште ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. 
 
Ішкі кастрөль мен  сыртқы корпустың  арасында  бөгде заттар болмауы тиіс. 
 
Күрішті  немесе  гарнирді  әзірлеу    барысында    кастрөлдегі  су  мен  жарманың  мөлшерінің 
арасалмағын қадағалаңыз. 
 
Өндіруші      осы  нұсқауда  қарастырылмаған    немесе  дұрыс  пайдаланбаған  жағдайдың 
нәтижесінде туындаған  залал үшін жауапты емес. 
 
 
 
 
Пайдалану саласы 
 
Құрал тек қана тұрмыста  қолдануға арналған.  
Құралды тек мақсаты  бойынша ғана   пайдалануға болады.