Polaris PMC 0529 ADS User Manual

Page of 148
100 
 
3. 
ҚҰРАЛДЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ДАЙЫНДАУ 
1.  Орама қорабын ашып, құралды абайлап алып шығарыңыз, барлық орама мен жарнамалық материалдарды алып тастаңыз. 
2.  Аксессуарлардың бәрін  және пайдалану жөніндегі нұсқауды алып шығарыңыз. 
3.  Құралмен  бірге  жеткізілетін,  оның  жиынтығына  кіретін  барлық  бөлшектерін  және  керек-жарақтарын,  яғни  құралдың  жиынтықтылығын  тексеріп  шығыңыз. 
(Құралдың жиынтықтылығы деген тарауын қарап шығыңыз).  
4.  Барлық жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.  Құралдың сыртқы қабатын  дымқыл ысқышпен сүртіңіз.  
5.  Тостақты    сабынды  жылы  сумен  жуыңыз,  жуу  барысында  агрессивті  және  абразивті  жуғыш  құралдарын  пайдаланбаңыз.  Содан  кейін  оны  жақсылап  сүртіп, 
кептіріңіз.  
4. 
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ  
 
Құралды пайдаланар алдында нұсқаулықты жақсылап оқып шығыңыз және оның нұсқауларын басшылыққа алыңыз. 
Құралды алғаш рет іске қосқан кезде, өндірісте қолднылатын май қалдықтарының күйіуіне байланысты түтін шығуы мүмкін.  
4.1. Жұмыс тәртібі 
Құралды  алғаш  рет  пайдаланар  алдында,  оның   жағымсыз  иісін  кетіру  үшін  мультипісіргіштің  ыдысына  суды  тостақтың  жартысына  дейін  толтырып,  30  минут 
уақыт аралығында температуралық режимде («Буда пісіру») қайнатуға кеңес беріледі.  Қайнату үдерісі аяқталғаннан кейін құралды өшіріп, желіден ажыратыңыз, 
құралдың қақапғын ашып, ол суығанша күте тұрыңыз, содан кейін тостақтағы суды төгіп тастаңыз да, құралды жақсылап құрғатып сүртіңіз, құралдың қақпағын 
тығыздатпай, ашыңқы түрде қалдырып, құрал суығанша күте тұрыңыз. 
Құралдың  жұмысы  барысында  релемен  жұмысы  салдары  болып  табылатын  «сыртыл»  дыбыстардың  естілуі  мүмкін.  Бұл  құралдың  қалыпты  жұмысы  болып 
табылады да, оның ақаулы екендігін білдірмейді. 
1.  Батырманы  басу  арқылы  құралдың  қақпағын 
ашыңыз. 
 
 
Қақпақты ашқан кезде оны абайлап ұстанқырап ашыңыз. 
 
Әзірлеуді бастаудан бұрын құралдың ішкі және сыртқы бөліктерінің орамадан босағанына және лас 
еместігіне көз жеткізіңіз. 
 
Мультипісіргіштен тостақты алып шығарыңыз. 
 
Ішкі  тостақ  пен  қызыдыру  қабатының  арасында  сүйықтық  төгіліп  қалмағанына  немесе  ешқандай 
бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. 
2.  Қажетті  қоспалардың    барлығын  рецептураға 
сәйкесінше, тостаққа салыңыз 
 
Тағамды  әзірлеу  рецептісі  мен  әзірлеу  бағдарламаларының  сипаттамаларындағы  нұсқауларды 
басшылыққа алыңыз. 
Назар аударыңыз! 
 «Қуыру»,  «Паста»,  «Сосискалар/Тұшпара»  бағдарламаларын  пайдалану  барысында  өнімдерді 
алдын-ала жұмыс температурасына дейін қыздырылған тостаққа ғана салу қажет. 
Жоғарыда көрсетілген  режимдерде мультипісіргіш  жұмыс температурасына  дейін  қызғаннан кейін 
дыбыстық сигнал шығарады. 
3.  Мультипісіргішке тостақты орнатыңыз 
 
Тостақтың қыздыратын қабатына дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.   
 
Мультипісіргіште  орнатылған  ішкі  тостақты  бір  жақтан  екінші  жаққа  айналдырып,  қыздыратын 
қабатта қажетті орынға қондырылғанша жайлап бұраңыз.