Polaris PMC 0529 ADS User Manual

Page of 148
134 
 
«Буда пісіру» бағдарламасы  
Мультипісіргіш Сіздің ас үйіңіздегі дәстүрлі  булап пісіргіштерді алмастыра алады. “Буда пісіру” бағдарламасы өнімдердің дәрумендері мен пайдалы қасиеттерін 
сақтай отырып, тағамды буда әзірлеуге  мүмкіндік береді.  
Бұл бағдарлама үшін кейінге қалдырылған старт функциясы қол жетімді (4.2. тармағын қараңыз). 
1.  Батырманы  басу  арқылы  құралдың  қақпағын 
ашыңыз 
 
 
Әзірлеуді бастаудан бұрын құралдың ішкі және сыртқы бөліктерінің орамадан босағанына және лас 
еместігіне көз жеткізіңіз.  
 
Ішкі  тостақ  пен  қызыдыру  қабатының  арасында  сүйықтық  төгіліп  қалмағанына  немесе  ешқандай 
бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. 
2.  Суды қажетті мөлшерде тостаққа құйыңыз 
 
Тостақты сумен оның 1/3 бөлігінен артық толтырмаңыз. 
3.  Тостақты мультипісіргішке орнатыңыз 
 
Әрдайым  тостақтың  өз  орнына  қисаймай  орнықты  тұрғандығына  және  дұрыс  орнатылғандығына 
көз жеткізіңіз. 
4.  Сүрлеуге  арналған  жинамалы  торды  тостақтың 
түбіне  орнатыңыз,  содан  кейін  оған  қажетті 
қоспалардың  барлығын салыңыз 
 
Тостаққа салынатын өнімдердің арасалмағын (ұсыңылған мөлшерлігін) сақтаңыз. 
Назар аударыңыз! 
Тостақта су болуы қажет. 
5.  Құралдың қақпағын жабыңыз 
Назар аударыңыз! 
Егер  құралдың  қақпағы  дұрыс  орнатылмаса,  шыққан  нәтиже  күтілетін  талапқа  сәйкес  болмауы 
мүмкін. 
6.  Құралды іске қосыңыз 
 
Дисплейдің көмескі жарығы жаңады да, жұмыс индикаторы жыпылықтай бастайды. 
 
Құрал күту режимінде болады. 
7.  “МӘЗІР”  батырмасына  кезек-кезегімен  басу 
арқылы «Буда пісіру» бағдарламасын таңдаңыз 
 
Дисплейдің бетінде «Буда пісіру» жазбасы жанады. 
 
Жыпылықтап тұрған таймердің бетінде уақыттың мәні көрсетіледі, осы бағдарлама үшін белгіленген 
уақыт режимі бойынша тағамды әзірлеу уақыты – 5 минут. 
 
Сонымен  қатар  дисплейдің  бетінде  ЖЫЛЫТУ  режимнің  индикаторы  жанады,  бұл  бағдарламаның 
жұмыс  уақытысы  аяқталғаннан  кейін,  құрылғы  автоматты  түрде    ЖЫЛЫТУ  режиміне  өтетіндігін 
білдіреді. 
8.  Тағамның 
рецептурасына 
сәйкес 
әзірлеу 
уақытысын орнатыңыз 
 
Әзірлеудің  уақыт  диапазоны  тағамның  рецептурасына  сәйкес  5  минуттан  бастап  1  сағатқа  дейін 
өзгеруі мүмкін. 
 
  САҒАТ”  батырмасына  кезек-кезегімен  басу  арқылы  әзірлеу  уақытының  мәнін  1  сағат 
қадамымен  сағатты  орнатыңыз  және  “МИНУТТАР 
”  батырмасына  басу  арқылы  1  минут 
қадамымен минутты орнатыңыз. 
 
Әзірлеу уақытты орнатқан кезде дисплейдің бетінде таймер жыпылықтайды.