Polaris PFD 0605 D Серый User Manual

Page of 25
19 
 
1.  ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ  
 
 
 
Аспап осы  Нұсқаулыққа сәйкес тұрмыстық  жайдың температурасы мен ылғалдылығында 
тұрмыста қолдануға арналған: 
 
тұрғылықты жерде; 
 
дүкендер,  кеңселер,  фермерлік  шаруашылықтар  және  басқа  да  бөлімшелер 
қызметкерлерінің тамақтану орындарында; 
 
қонақүйлер мен өмір сүруге арналған басқа да орындарда; 
 
қонып шығуға және таңғы ас ішуге арналған орындарда. 
 
Аспап  өнеркәсіптік  және  коммерциялық  қолдануға,  сондай-ақ  тағамдық  емес 
материалдарды өңдеуге арналмаған.  
 
Өндіруші  осы  нұсқаулықта  көрсетілмеген  немесе  дұрыс  емес  қолдану  нәтижесінде  туған 
зақым үшін жауап бермейді.  
 
2.  ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 
 
Электрлік  кептіргіш  көкөністер  мен  жемістерді,  сондай-ақ  саңырауқұлақ  пен  шөптерді 
кептіруге арналған. Құралдың негізінен таралатын жылы ауа алынбалы себеттердің арасында 
жүреді, мұның арқасында өнімдер қоректілік қасиеттерін жоғалтпай кептіріледі.  
 
 
1-сурет. 
 
1.  Құралдың қақпағы 
2.  Өнімдерге арналған алынбалы 
себеттер  
3.  Желдеткіші 
бар  құралдың 
негізі 
4.  Құралдың сыртқы корпусы 
5.  Қосу/Өшіру батырмасы 
 
 
3.  ҚҰРАЛДЫ ҚОСПАС БҰРЫН ДАЙЫНДАУ 
 
 
Құралдың  орауын  шешіңіз  және  оның  барлық  бөліктері  бар  екендігіне  («Құралдың 
сипаттамасы» 2 бөлімді қараңыз) және олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. 
 
Құралдың корпусынан барлық жапсырмаларды шешіңіз, корпусты жұмсақ, дымқыл матамен 
сүртіңіз. 
 
Өнімдермен  жанасатын  барлық  құрал  бөліктерін  «Тазарту,  күтім  және  сақтау»  5  тармақтың 
нұсқауларына сәйкес мұқият түрде жуыңыз. 
 
Құралды алғаш рет пайдаланудың алдында құралды өнімдерді жүктеусіз 30 минутқа қосып 
қоюға кеңес беріледі. Құралды алғаш рет қосу барысында түтіннің аз ғана мөлшері шығуы 
мүмкін, бұл қалыпты нәрсе және құралдың ақаулы екендігін білдірмейді.