Brother MFC-L2707DW Important Safety Instructions

Page of 23
1
Өнімді пайдаланбастан бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету жұмысын 
орындамастан бұрын осы нұсқаулықты оқыңыз. Бұл нұсқауларды орындамау өрттің, ток 
соғудың, күюдің немесе тұншығудың күшейтілген қатерін тудыруы мүмкін. Brother 
компаниясы иеленушінің осы нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларды орындамауынан 
туындаған зиян үшін жауапты болмайды.
Бұл нұсқаулықты пайдалану жолы:
1
1 Өнімді пайдаланбас бұрын нұсқаулықты толығымен оқып шығып, кейінірек қолдану үшін 
сақтап қойыңыз.
2 Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды мұқият орындап, өнімде белгіленген барлық 
ескертулер мен нұсқауларды орындайтыныңызға əрдайым көз жеткізіңіз.
3 Егер бұл нұсқаулықты оқып болғаннан кейін өнімді қалай пайдалану керектігі туралы 
сұрақтарыңыз болса, Brother тұтынушыларды қолдау орталығына немесе жергілікті 
Brother дилеріне хабарласыңыз.
4 Нұсқаулардың барлығын түсіну үшін құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты 
белгілерді қарап шығыңыз.
Өнімнің қауіпсіздік 
нұсқаулығы
1
(HL-L2300DR / HL-L2340DWR / HL-L2360DNR / HL-L2365DWR /
DCP-L2500DR / DCP-L2520DWR / DCP-L2540DNR / DCP-L2560DWR /
MFC-L2700DNR / MFC-L2700DWR / MFC-L2720DWR / MFC-L2740DWR)
Brother Industries, Ltd.
15-1, Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Japan
LEV529001-00
KZH
A нұсқасы