Samsung RB6000KC Нижняя морозильная камера с технологией Space Max™, 344 л User Manual

Page of 200
Казақ  31
Орнат
у
ҚАДАМ: 5 Бастапқы параметрлер
Келесі қадамдарды орындағаннан кейін, тоңазытқыш толық іске қосуға дайын.
1.  Тоңазытқышты тасымалдау кезінде қорғау үшін салынған, оның әр бұрышындағы полиэтилен көбіктен 
жасалған төсемдерді алыңыз.
2.  Тоңазытқышты қосу үшін қуат сымын қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
3.  Есікті ашыңыз да, ішкі жарық шамының жанатын-жанбайтынын тексеріңіз.
4.  Температураны ең суық температураға қойып, шамамен бір сағат күтіңіз. Содан кейін, мұздатқыш 
шамалы салқындайды да, қозғалтқыш қалыпты жұмыс істейді.
5.  Тоңазытқыш орнатылған температураға жеткенше күтіңіз. Енді тоңазытқыш пайдалануға дайын.
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқыш ток көзіне қосылғанда, сигнал естіледі. Сигналды сөндіру үшін 
Freezer (Мұздатқыш) немесе 
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін басыңыз.
ҚАДАМ: 6 Температура сигналы (қолжетімді үлгілерде ғана)
•  Егер тоқ сөніп қалып, мұздатқыш бөлік тым жылып кетсе, дисплейде “- -” белгісі жыпылықтайды.
Freezer (Мұздатқыш) немесе Fridge (Тоңазытқыш) түймесі басылған кезде, мұздатқышта 
немесе тоңазытқышта орнаған “ең жылы температура” дисплейде 5 секунд жыпылықтайды.
-  Содан кейін ағымдық температура көрсетіледі. Температура сигналы функциясын сөндіру үшін 
Door Alarm (Есіктің сигналы) түймесін қайта басыңыз.
•  Бұл ескерту келесі жағдайларда қосылуы мүмкін:
-  Құрылғы іске қосылған кезде.
-  Мұздатқыш бөлік тоқтың сөніп қалуына байланысты тым жылып кеткен.
ҚАДАМ: 7 Соңғы тексеру
Орнатып болғаннан кейін келесіні тексеріңіз:
•  Тоңазытқыштың электр көзіне қосылғанын және жерге дұрыс тұйықталғанын.
•  Тоңазытқыштың қабырғадан немесе шкафтан жеткілікті қашықтықта, тегіс, орнықты жерге қойылғанын.
•  Тоңазытқыштың орнықты екенін және еденге орнықты қойылғанын.
•  Есіктің еркін ашылып-жабылатынын және есік ашылғанда ішкі жарық шамының автоматты түрде 
жанатынын.
Untitled-11   31
2016-08-19     4:49:44