Samsung RS57K4000SA User Manual

Page of 160
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
10 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
 - Желдеткішті қолданбаңыз.
 - Жарқыл пайда болып, жарылысқа немесе өртке ұласуы мүмкін.
•  Өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті жеткізген LED шамдарын ғана қолданыңыз.
•  Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын орналастырып қою керек.
•  Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
•  Су үлестіргіш тесікке, мұз науасына және мұз жасағыштың себетіне ешқашан саусақтарыңызды 
немесе басқа заттарды салмаңыз.
 - Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.
•  Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет етпеңіз.
•  Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір сым т.б.) пайдаланбаңыз.
•  Тоңазытқышты жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын жердегі сервис орталығына 
хабарласыңыз.
 - Бұлай істемеген кезде, электр қатері, өрт, құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі 
пайда болуы мүмкін.
•  Ішкі немесе сыртқы LED шамы жанып кетсе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз.
•  Тоңазытқыштан тұтанған иіс немесе түтін шыққаны байқалса, дереу ток көзінен ағытыңыз да, 
Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
 - Бұлай істемесеңіз, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштың ішкі шамдарын ауыстырар алдында ашаны розеткадан суырыңыз.
 - Себебі, электр тоғына түсу қатері бар.
•  LED емес шамды ауыстыру қиынға соқса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Құрылғы LED шамдарымен жабдықталса, шамның қақпақтары мен LED шамдарын өзіңіз ағытпаңыз.
 - Жақын жердегі Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.
•  Зақым келген ашаны, қорек сымын немесе босап қалған розетканы пайдаланбаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Untitled-32   10
2016-03-17     6:17:52