Samsung RF24 Холодильник с диспенсером для приготовления газированной воды, 495 л User Manual

Page of 188
 Карбонизаторды тоңазытқышқа орнату
Жаңа SodaStream 60 L карбонизаторын тоңазытқышқа орнату үшін мына қадамдарды 
орындаңыз:
1. CO
2
 цилиндрінің қақпағын ашыңыз.
•  Əдетте газдалған су жасайтын құрылғы сөндірулі тұрады. Газдалған су жасайтын 
құрылғы сөндіріліп тұрғандықтан, дисплейде "OFF" индикаторы жанып тұрады.
 
-  44 бетті қараңыз; Газдалған су функциясын сөндіру.
2. Регуляторға SodaStream 60 L карбонизаторын орнатып, содан кейін сағат тілінің 
бағытымен бұраңыз.
•  Міндетті түрде Sodastream™ CO
2
 цилиндрін (60 л) пайдаланыңыз.
•  Қосалқы SodaStream цилиндрлерін жергілікті Sodastream бөлшек сауда 
орталықтарында оңай ауыстыруға немесе қайта толтыртып алуға болады.
CO
2
 цилиндрлерін толтыру немесе ауыстыру төлемақыларының барлығын 
тоңазытқыштың иесі төлейді.
CO
2
 цилиндрінің бұрамасы əр елде əр түрлі.
3. SodaStream 60 L карбонизаторын орнатылатын тірекке қарай итеріңіз.
4. SodaStream 60 L карбонизаторын тетікті басып орнына бекітіңіз.
•  Карбонизатордың ішкі қысымы тетікті ішке қарай басуды қиындатуы мүмкін.
Тетікті оң жақтағы суретте көрсетілгендей ұстап тұрыңыз да, содан кейін төмен 
басыңыз.
•  Егер карбонизаторды орнына дұрыс бекітпесеңіз, тоңазытқыш газдалған су жасай 
алмайды.
•  Егер карбонизатор регуляторға мықтап бекітілмесе, CO
2
 газы жылыстап шығып, 
ысылдаған дыбыс шығуы мүмкін.
Бұндай жағдай пайда болса, 2, 3 жəне 4-ші қадамдарды қайталап, 
карбонизатордың өз орнына мықтап орнатылғанына жəне бекітілгеніне көз 
жеткізіңіз. 
Қазақша - 28
DA68-03022F-07.indb   28
DA68-03022F-07.indb   28
2017. 2. 7.   
 4:35
2017. 2. 7.   
 4:35