Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 6
Қорек сымын қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз. 
Қорек сымын бұрамаңыз немесе байламаңыз. 
Қуат сымын темір заттарға ілмеңіз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз, қуат сымын заттардың арасына кіргізбеңіз немесе 
қуат сымын  құрылғыңың артындағы жерге тықпаңыз.
•  Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз. 
•  Ашаны розеткадан, ашаның өзінен ұстап суырыңыз.  
•  Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен су төгетін құбырларға жақын жерге орнату керек.
 АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Орнатуға қатысты ЕСКЕРТУЛЕР
Бұл құрылғыны ашасына қол оңай жететін жерге орнату керек. 
•  Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы не өрт шығуы мүмкін. 
Құрылғыны салмағын көтере алатын тегіс және қатты еденнің үстіне орнатыңыз. 
•  Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, жылжуы, шуыл шығуы немесе басқа да құрылғыға қатысты 
ақаулар пайда болуы мүмкін. 
 ЕСКЕРТУ: Пайдалануға қатысты қатаң ЕСКЕРТУЛЕР
Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр және сумен жабдықтау желілерінен ағытыңыз да, жақындағы 
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. 
•  Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз. 
•  Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынуыңыз мүмкін.  
Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан суырыңыз да, жақын 
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.   
•  Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол тигізбей, бөлмені дереу 
желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол тигізбеңіз.
•  Желдеткішті қолданбаңыз. 
•  Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.  
Балаларға кір жуғыш машинаға шығып не ішіне кіріп ойнауға рұқсат бермеңіз.   Сонымен қатар, құрылғыны тастаған 
кезде, кір жуғыш машинаның есігінің теңгерім құралын алыңыз.
•  Балалар құрылғының ішіне қамалып қалса, тұншығып өлуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаны қолданар алдында, табанындағы орам материалдарын (жөке, көбікті текше) алыңыз.
Бензин, керосин, бензол, бояу сұйылтқыш, спирт не басқа да тұтанғыш немесе жарылғыш зат сіңген заттарды 
жумаңыз.
•  Электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін. 
Жұмыс істеп тұрған (жоғары температурада жуу/кептіру/айналдыру) кір жуғыш машинаның есігін күшпен ашпаңыз.
•  Кір жуғыш машинадан аққан суға күйіп қалуыңыз немесе еден тайғанақ болып кетуі мүмкін.  Нәтижесінде 
жарақат алуыңыз мүмкін. 
•  Есікті күшпен ашқанда құрылғы бұзылуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Untitled-14   6
2016-02-04     5:54:45