Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 10
Жуылатын киімдердің барлығының қалталарының бос екеніне көз жеткізіңіз. 
•  Тиын, түйреуіш, тырнақ, бұранда немесе тас тәрізді қатты, өткір заттар құрылғыға аса қатты зиян келтіруі 
мүмкін. 
Үлкен қапсырмалары, түймелері бар немесе басқа ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз. 
Кірлерді бояуының беріктігіне қарай түстерге бөліп, ұсынылған циклды, судың температурасын және қосымша 
функцияларды таңдаңыз. 
•  Себебі кірдің түсі кетіп немесе матасына зақым келуі мүмкін. 
Есікті жапқан кезде балалардың саусақтары қысылып қалмау үшін абай болыңыз. 
•  Нұсқау орындалмаса, жарақат алуы мүмкін.  
 ЕСКЕРТУ: Тазалауға қатысты қатаң ЕСКЕРТУЛЕР
Құрылғының бетіне суды тура бүркіп тазаламаңыз. 
Күшті қышқылы бар тазалағыш құралды пайдаланбаңыз. 
Құрылғыны бензол, сұйылтқыш немесе спирт тәрізді заттармен тазаламаңыз. 
•  Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп немесе электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін. 
Тазалау немесе жөндеу жұмыстарын орындар алдында, құрылғыны розеткадан ажыратыңыз. 
•  Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
ЕЭЖЭҚ ескертулері 
Осы құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау (Ескі электр және электроника құрылғылары)
(Жеке қоқыс жинау жүйесі бар елдерге қатысты)
Өнімге, оның керек-жарақтарына немесе құжаттарына салынған бұл белгі, құрылғыны және оның 
электроникалық керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағышы, құлақаспабы, USB сымы) қолданыс 
мерзімі аяқталғаннан кейін тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді.  Қоқысты 
дұрыс тастамаған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына келуі ықтимал зиянның алдын 
алу үшін, бұндай қоқыстарды басқа қоқыстардан бөліп, материал ресурстарын түбегейлі түрде қайта 
қолдану үшін қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.    
Жеке пайдаланушылар осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті әкімшілік 
мекемеге хабарласып, бұл заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін қайда, 
қалай апарып тапсыруға болатыны туралы ақпарат алуы керек. 
Заңды тұлғалар өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының шарттары мен 
талаптарын қарауға тиіс. Аталмыш өнімнің және оның керек-жарақтарын басқа қоқысқа тасталатын 
коммерциялық қалдықтарға араластырмау керек.  
Untitled-14   10
2016-02-04     5:54:45