Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 13
ОРНА
ТУ
Су төгу
Samsung биіктігі 65 см болатын тік құбырды пайдалануды ұсынады. Су төгетін түтік тік құбырға түтікке арналған 
қапсырма арқылы қосылуға және тік құбыр су төгетін түтікті толық жауып тұруға тиіс.
Еденге орналастыру
Кір жуғыш машина тамаша жұмыс істеу үшін қатты еденге орнату керек. Ағаш еденге орнату үшін діріл және/немесе 
теңгерімсіз жүкті көтере алатын етіп, қосымша күшейту әрекеттерін жасау керек болуы мүмкін. Кілем, жұмсақ қыш 
тақтамен қапталған едендер құрылғының діріліне жақсы төтеп бере алмауы мүмкін, себебі, кір жуғыш машина 
айналдыру циклы кезінде шамалы жылжуы мүмкін. 
АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаны көтеріңкі платформаға немесе жақсы тірегі жоқ затқа қоймаңыз.
Судың температурасы
Кір жуғыш машинаны су қатып қалатын жерге орнатпаңыз, себебі, кір жуғыш машинаның клапандарында, 
сорғыларында және/немесе түтіктерінде әрқашан шамалы мөлшерде су қалуы мүмкін. Қосылым бөліктерінде қалған 
су кір жуғыш машинаның таспаларына, сорғысына және басқа құралас элементтеріне зақым келтіруі мүмкін. 
Қаптамаға немесе шкафқа орнату
Тұрақты жұмыс істеу үшін ең кем дегенде мына қашықтықты сақтау керек:
Жан-жағы
25 мм
Артқы жағы
50 мм
Үстіңгі жағы
25 мм
Алдыңғы жағы
550 мм
Егер кір жуғыш машина мен кептіргіш машинаны бір жерге орнатсаңыз, қаптаманың немесе шкафтың үстіңгі жағы 
ауа айналымына кедергі жасамау үшін кем дегенде 550 мм болуы керек. Кір жуғыш машинаны жеке орнатсаңыз, ауа 
айналымы үшін ашық орын қалдырудың қажеті жоқ.
Untitled-14   13
2016-02-04     5:54:46