Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 21
ЕҢ А
ЛҒАШ ІСКЕ ҚОС
У А
ЛДЫНДА
ҚАДАМ - 5 - Жуу мүмкіндігін анықтау
Кір жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Шамадан тыс көп кір салған кезде, кір жуғыш машина дұрыс 
жумайды. Кірдің түріне қарай қанша кір салуға болатыны туралы ақпаратты 
29еттен қараңыз.
Төсек жабдықтарын немесе төсек жапқыштарды жуған кезде жуу уақыты ұзаруы немесе айналдыру тиімділігі 
төмендеуі мүмкін. Төсек жабдықтары немесе төсек жапқыштары үшін ұсынылатын айналдыру циклының 
жылдамдығы ең көп дегенде 800 мин/айн және салынатын кірдің салмағы 2,0 кг немесе бұдан аз болуын 
ұсынамыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер кір теңгерімсіз болса және дисплейде “
UE” ақау коды пайда болса, кірді қайта таратып салыңыз. 
Теңгерімсіз кір айналдыру циклының тиімділігін төмендетуі мүмкін.
ҚАДАМ - 6 - Жуғыш затты дұрыс таңдап пайдаланыңыз
Жуғыш заттың түрі матаның түріне (мақта мата, синтетика, нәзік заттар, жүн мата), түсіне, жуу температурасына 
және кірлеу деңгейіне байланысты анықталады. Әрқашан автоматты кір жуғыш машиналарға арналған, аз көпіршитін 
жуғыш заттарды пайдаланыңыз. 
•  Кірдің салмағына, кірлеу деңгейіне және тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қарай отырып, әрқашан 
жуғыш зат өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Егер судың кермектігі жайлы күмәніңіз болса, жергілікті 
сумен жабдықтау мекемесіне хабарласыңыз.
•  Қатайып немесе қатқылданып қалатын жуғыш заттарды пайдаланбаңыз. Бұндай жуғыш зат шаю 
циклынан кейін қалып, су төгетін тесікті бітеп қалуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүн мата циклын пайдаланып жүн матаны жуған кезде, бейтарап жуғыш затты ғана пайдаланыңыз. Егер 
Жүн мата циклын пайдаланған кезде ұнтақ жуғыш затты қолдансаңыз, жуылған киімге сіңіп, түсін кетіруі 
мүмкін.  
Untitled-14   21
2016-02-04     5:54:48