Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 48
Мұздап қалғанда қалпына келтіру
Кір жуғыш машинаның температурасы 0 °C градустан төмендесе қатып қалуы мүмкін.
1.  Кір жуғыш машинаны сөндіріп, қуат сымын ағытыңыз.
2.  Су құятын түтікті босату үшін су шүмегінің үстіне жылы су құйыңыз.
3.  Су құятын түтікті ағытып алып, жылы суға салып қойыңыз.
4.  Барабанға жылы су құйып, шамамен 10 минут қоя тұрыңыз.
5.  Су құятын түтікті су шүмегіне қайта жалғаңыз.
Кір жуғыш машина сонда да қалыпты жұмыс істемесе, қалыпты жұмыс күйіне келгенше жоғарыда көрсетілген 
әрекеттерді қайталаңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтім көрсету
Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт пайдаланбай қалдырмауға тырысыңыз.
Бұндай жағдайда, кір жуғыш машинаның суын төгіп, қуат сымын ағытыңыз.
1.  Негізгі дисплейден Цикл > Хлопок (Мақта мата) параметрін Быстрая стирка (Жылдам жуу) функциясымен 
бірге таңдаңыз.
2.  Барабанды босатып, Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз.
3.  Режим аяқталған кезде судың шүмегін жауып, су құятын түтікті ағытыңыз.
4.  Кір жуғыш машинаны сөндіріп, қуат сымын ағытыңыз. 
5.  Есікті ашып барабанның ішіне ауа кіргізіңіз.
Untitled-14   48
2016-02-04     5:54:53