Samsung WF602W0BCWQ User Manual

Page of 168
Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _3
•  Балалардан қорғайтын құлып
«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың 
машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.
Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген 
балалардан қорғалып тұрады.
•  Жууды кейін бастау
Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1 
сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.
•  Сандық графикалық дисплей
Сандық графикалық дисплейдің басқару панелі түсінікті жəне сабылысты азайту 
үшін пайдалануға ыңғайлы етіп жасалған. Пайдалануды оңай еткенімен қоймай, 
сандық графикалық дисплей керемет жуу нəтижелеріне қол жеткізу үшін жуу циклына 
жылдам жəне дəл түзетулер жасауға мүмкіндік береді.
•  Су ішекқұбыры және судың аққанын анықтайтын сенсор 
(кейбір түрлерінде бар)
Samsung кір жуғыш машиналарының ақылды түрде жасалған су қауіпсіздігінің жүйесі 
судың ағуын дəл ағатын тұсынан тоқтатуға арналған ақылды ішекқұбырды жəне 
машинаның төменгі жағында орналасқан судың аққанын анықтайтын сенсорды 
қамтиды. Егер ішекқұбыр жыртылып кетсе немесе судың аққаны байқалса, судың 
түтікшеден ағуын тоқтату үшін ішкі су сіңіргіш жөкені шығарады. 
Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану жəне күту бойынша 
маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш 
машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 
37 беттегі «Ақаулықтарды жою жəне қате туралы хабарламаларды оқу» бөлімінде 
бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.
WF702W0BD-03208A-09_KK.indd   3
2014/8/11   14:52:22