Samsung RSH5ZLMR User Manual

Page of 92
тоңазытқышын пайдалану _23
02 
Т
ОҢАЗЫТҚЫШЫН
 ПАЙДА
ЛАНУ
МҰЗ ЖƏНЕ СУЫҚ СУ ДАЙЫНДАУ 
ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ.
Ice type (мұз түрі) түймешесін басып қажетті мұз 
түрін таңдаңыз.
Мұз текше түрінде дайындалады. 
Мұз түрін таңдау барысында мұз 
дайындайтын «Crushed» (уатылған) 
құралы мұз текшелерін уатылған мұзға 
айналдырады.
Мұз дайындау жүйесі. 
Стақанды мұз дайындау жүйесі тесігінің астына 
қойыңыз да стақанмен абайлап мұз беру 
жүйесінің иінтірегіне басыңыз.
Стақанды мұз шашылмас үшін мұз дайындау 
жүйесі тесігінің астына туралап қойыңыз.
Cу жіберу жүйесі.
Стақанды су жіберу жүйесі тесігінің астына 
қойыңыз жəне стақанмен абайлап су жіберу 
иінтірегіне басыңыз. Су стақанның маңайына 
төгілмес үшін стақанды су жіберу жүйесі 
тесігінің астына туралап қойыңыз.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ.
МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ 
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ.
Мұздату камерасындағы температурасы сіздің 
қажеттілігіңізге сəйкес -140С пен -250С арасында 
болуы мүмкін. Содан кейін температура индикаторын 
қажетті температура көрсетілгенше Freezer (мұздату 
камерасы) түймешесін басыңыз. Балмұздақ 
сияқты азық-түліктер -160С жəне одан да жоғарғы 
температурада еруі мүмкін екендігін біліп қойыңыз. 
Температура индикаторындағы температура бағамы 
-140С-тан -250С аралығында өзгеріп тұрады. 
Дисплейдегі температура бағамы -140С-қа жеткен 
соң, түймешені келесі басқаныңызда температура 
қайтадан -250С-ты көрсетеді. Жаңа температураны 
қойғаннан кейін 5 секундтан соң индикатор мұздату 
камерасының нақты температурасын көрсетеді. 
Алайда ол мұздату камерасындағы температура 
таңдалып алынған мəнге жетпейінше өзгеріп 
отырады.
ТОҢАЗЫТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ 
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ.
Тоңазыту камерасындағы температура сіздің 
қажеттілігіңізге сəйкес 70С пен 10С шамасында 
болуы мүмкін. Содан кейін температура индикаторын 
қажетті температура көрсетілгенше Fridge (тоңазыту 
камерасы) түймешесін басыңыз. Температура 
индикаторындағы температура мəні мұздату 
камерасындағы өзгеруіне сəйкес ұдайы өзгеріп 
отырады. Қажетті температура қойылғанша Fridge 
түймешесін басыңыз. Бірнеше секундтан кейін 
тоңазыту камерасындағы температура жаңадан 
орнатылған температура бағытында өзгере 
бастайды. Бұл үрдіс температураның сандық 
индикаторынан көрінеді.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін жиі ашсаңыз 
немесе оған көп мөлшерде азық-түлік 
қойсаңыз, онда мұздату немесе тоңазыту 
камераларындағы температура көтерілуі 
мүмкін. Ондай кезде сандық индикатордағы 
көрсеткіштер жыпылықтай бастайды. Тоңазыту 
жəне мұздату камераларындағы температура 
қойылған қалыпты мəнге жеткен кезде сандық 
индикаторлар жыпылықтауын тоқтатады. 
Егер индикатордың жыпылықтауы тоқтамаса, 
онда сізге тоңазытқыш басқару жүйесін 
«түсіру» қызметін орындау қажет болады. 
Тоңазытқыштың желі шнурының айырын 
розеткадан ажыратып, 10 минут күтіңіз, содан 
кейін айырды қайтадан розеткаға сұғыңыз. 
Дайындалған өнімді тоңазытқышқа салмас 
бұрын оның толық суығандығына көз жеткізіңіз.
Мұз жоқ
Мұз дайындау жүйесін 
сөндіру үшін таңдаңыз.
DA99-02318Q-14.indb   23
DA99-02318Q-14.indb   23
15. 5. 12.   
 9:08
15. 5. 12.   
 9:08