Samsung MS22M8074AT User Manual

Page of 144
Казақ 
11
Пешті іске пайдалану
Микротолқынды пеш қалай жұмыс жасайды
Микротолқындар - жоғары жиіліктегі электромагниттіік толқындар; бөлінген қуат тағамның түрі мен 
пішімін өзгертпей пісіруге немесе қыздыруға мүмкіндік береді.
Микротолқынды төмендегі әрекеттер үшін қолдануға болады:
•  Жібіту
•  Алдын ала қыздыру
•  Пісіру
Пісіру принципі.
1.  Магнетронды түтіктен шыққан микротолқын, 
бұрылмалы табақтың үстінде айналып тұрған 
тағамға біркелкі таралады. Сондықтан да, тағам 
біркелкі піседі.
2.  Микротолқындар тағамның түбіне дейін, шамамен 
1 дюймге (2,5 см) дейін сіңеді. Содан кейін қызу 
тағамның ішінде тарала бастайды да, тағам пісе 
түседі.
3.  Пісіру уақыты қолданылған ыдыс пен тағамның 
сапасына қарай әртүрлі болады.
•  Мөлшері және тығыздығы
•  Судың мөлшері
•  Бастапқы температурасы (тоңазытқышта 
болды ма, жоқ па)
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Қызу таралған кезде тағамның ортасы піседі де, тағам пештен алынғаннан кейін де пісе береді. 
Рецептіде және осы кітапшада көрсетілген тағамды қоя тұру уақытын, келесіні орындау үшін сақтау 
керек:
•  Тағам шетінен ортасына дейін біркелкі піседі.
•  Тағамның бәр жеріндегі температура бірдей.
Пештің дұрыс жұмыс жасап тұрғанын тексеру
Келесі қарапайым әрекетті орындау арқылы пештің әрқашан дұрыс жұмыс жасап тұрғанын тексере 
аласыз. Егер күмәндансаңыз, 
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Пештің ашасы сәйкес келетін розеткаға жалғанып тұруға тиіс. Бұрылмалы табақ пештің ішіндегі 
орнында тұруға тиіс. Ең үлкен мәннен (100 % - 850 Вт) басқа қуат мәні қолданылса, суды қайнатуға 
көбірек уақыт кетеді.
Пештің есігін ашыңыз. Бұрылмалы табаққа бір кесе су қойыңыз. Есікті жабыңыз.
Уақытты 4 немесе 5 минутқа 
Жоғары немесе Төмен 
түймелерін қажетінші бірнеше рет басу арқылы 
орнатыңыз.
Пеш суды 4 немесе 5 минут қыздырады. Содан кейін 
су қайнауға тиіс.
Пешті іске пайдалану
Untitled-17   11
3/13/2017   11:14:12 PM