Samsung MS22M8074AT User Manual

Page of 144
Пешті іске пайдалану
18 Казақ
Пешті іске пайдалану
Код
Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
1-7
Қара өрік 
қосылған тауық 
сирақтары
325 г
2 дана
Ұзыншалап туралған пияз - 15 г, ұзыншалап 
туралған сәбіз - 20 г, тауықтың саны - 2 дана (160-
180 г), қара өрік - 5-7 дана (50 г), Тауық сорпасы 
немесе құрғақ концентрат қосылған су - 200 мл
Нұсқаулар
Пияз мен сәбізді шара іспетті табаққа салыңыз. Тауық сирақтарын 
үстіне салыңыз да, қара өрікті салып, үстіне сорпа құйыңыз. Шараны 
микротолқынды пешке салыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал 
естіле сала аударыңыз да, пісіруді жалғастырыңыз.
1-8
Қыша соусы 
қосылған 
шошқаның 
мойыны
250 г
01  Шошқаның мойыны -150 г, үккіштен өткізілген 
сәбіз - 20 г, ұзыншалап туралған пияз - 20 
г, тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат 
қосылған су - 100 мл
02  Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г, дижон 
қышасы - 20 г, қышқыл қаймақ - 30 г, су - 50 мл
Нұсқаулар
Етті ұзыншалап турап, көкөністерді дайындаңыз да, тауық сорпасын 
(01) қосыңыз. Шара іспетті табаққа салыңыз. Жақсылап араластырыңыз 
да, пісіре бастаңыз. Тұздыққа (02) араластырылатын құраластардың 
барлығын дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, еті бар 
сорпаға құраластарды салып араластырыңыз да, жалғастырып пісіріңіз.
1-9
Картоп 
пісірмесі
140-180 г
1-2 дана
Ірі картоп - 160-200 г (1-2 дана)
Нұсқаулар
Картопты жуып, қабығын шанышқымен тесіңіз. Микротолқынды пешке 
салыңыз. Пісіре бастаңыз. Үстелге тарту үшін кесіңіз. Үстелге тартар 
алдында сары май немесе қышқыл қаймақ немесе ірімшік не т.с.с. 
қосыңыз.
Код
Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
1-10
Рататуй
260 г
Текшелеп туралған кәді - 100 г, текшелеп туралған 
сәбіз - 60 г, текшелеп туралған болғар бұрышы 
- 75 г, текшелеп туралған пияз - 45 г, туралған 
сарымсақ - 6 г, қызанақ езбесі - 10г (дәмдеу үшін 
орегано мен райхан), көкөніс сорпасы немесе 
құрғақ концентрат қосылған су - 130 мл
Нұсқаулар
Құраластардың барлығын шараға салыңыз. (Орегано және базиликті 
қосыңыз). Жақсылап араластырыңыз. Пісіре бастаңыз.
1-11
Ескі орыс 
дәстүрімен 
пісірілген 
балық
340 г
01  Ұзыншалап туралған қызылша - 30 г, 
ұзыншалап туралған сәбіз - 30 г, ұзыншалап 
туралған пияз - 15 г, балық\тауық сорпасы 
немесе құрғақ концентрат қосылған су - 200 мл
02  Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 10 г, 
қызанақ езбесі - 10 г, қышқыл қаймақ - 30 г, 
су - 50 мл
03  Сазанның немесе алабұғаның қоң еті - 150 г, 
лавр жапырағы - 1 дана
Нұсқаулар
Үлкен шара іспетті табаққа құраластардың барлығын салыңыз да, 
қайнаған сорпаны құйыңыз. (01) Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал 
естіле сала, тұздыққа арналған қоспаларды көкөністерге және сорпаға 
жақсылап араластырыңыз. (02) Балық пен лавр жапырағын (03) 
қосыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.
1-12
Бұқтырылған 
арқан балық 
стейгі
125 г
Көбелек тәрізді арқан балықтың кесек еті - 150-
170 г, тұз - 1 г, су - 20 г (лимон/апельсин - 10 г, 
қаласаңыз шырынын сығыңыз)
Нұсқаулар
Арқан балық стейгін дәмдеңіз. Табаққа салып, су қосыңыз. (Қаласаңыз 
балшырын қосыңыз). Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз.
Untitled-17   18
3/13/2017   11:14:15 PM