Samsung MS22M8074AT User Manual

Page of 144
Казақ 
21
Пешті іске пайдалану
Код
Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
2-6
Көкөніс 
сорпасы
350 г
Мұздатылған көкөністер - 150 г, көкөніс сорпасы 
немесе құрғақ концентрат қосылған су - 300 мл
Нұсқаулар
Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған сорпаны 
құйыңыз. Пісіре бастаңыз.
2-7
Кәріс рамён 
кеспесі
120 г (1 қапшық)
Кәріс рамён кеспесі 1 орам, су (бөлме 
температурасында) - 550 мл
Нұсқаулар
Орамды ашып, кеспені салыңыз, судың барлығын құйып (550 мл), 
микротолқынға төзімді шыныаяққа құйыңыз. Жақсылап араластырыңыз. 
Таспамен жауып, бірнеше жерінен тесіңіз. Содан кейін микротолқынды 
пешке салып, пісіре бастаңыз.
2-8
Тұшпарасы бар 
сорпа
185 г (15 дана)
Мұздатылған түшпара - 15 дана (біреуі 10 - 12 
г), тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат 
қосылған су - 600 мл, үгітілмеген қара бұрыш - 
3-5 дана, лавр жапырағы - 1 дана
Нұсқаулар
Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған сорпаны 
құйыңыз. Әбден араластырыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал 
естіле сала аударыңыз да, пісіруді жалғастырыңыз.
2-9
Қарақұмық
200 г
Қарақұмық - 100 г, тұз - 2 г, қайнаған су - 300 мл
Нұсқаулар
Шыныаяқ тәрізді ыдысқа қарақұмық мен тұзды салыңыз. Қайнап тұрған 
судан қосып, жақсылап араластырыңыз. Пісіре бастаңыз.
3. Сусындар
Код
Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
3-1
Лимон және 
жалбыз 
қосылған шай
200-250 мл
Су - 200 мл, шай жапырағы - 0,5 ас қасық, лимон 
- 1 тілім, жалбыз - бірнеше жапырақ
Нұсқаулар
Шай жапырақтарын, 1 тілім лимон және жалбыз жапырақтарын суға 
қосыңыз. Қақпақ жаппай қыздырыңыз. Пешке қоя тұрыңыз. Кесені алған 
кезде абайлаңыз. Сүзіңіз.
3-2
Ыстық шарап 
(Глинтвейн)
150-200 мл
Құрғақ қызыл шарап - 150 мл, апельсин - 20 
г, лимон - 10 г, қант - 10 г, дәмқабық - 1 тал, 
қалампыр - 1 г
Нұсқаулар
Барлық құраластарды араластырыңыз. Қақпақ жаппай қыздырыңыз. 
Қайнатпаңыз. Пешке қоя тұрыңыз. Кесені аларда абайлаңыз.
3-3
Дәмқабық және 
бал қосылған 
шай
200-250 мл
Су - 200 мл, дәмқабық - ½ ас қасық, бал - 1 ас 
қасық 
Нұсқаулар
Дәмқабықты суға қосыңыз. Қақпақ жаппай қыздырыңыз. Пешке 
қоя тұрыңыз. Кесені алған кезде абайлаңыз. Жылы болғанша 
салқындатыңыз. Бал қосыңыз.
3-4
Сүт және 
кардамон 
(масала) 
қосылған шай
200-250 мл
Шай жапырағы - 1 шай қасық, сүт - 100 мл, су - 
100 мл, зімбір - ½ шай қасық, кардамон - 1 дана, 
дәмқабық - ½ шай қасық, қант - 2
Нұсқаулар
Су мен сүтті араластырып, дәмдеуіштерді, шай жапырақтарын қосыңыз. 
Қақпақ жаппай қыздырыңыз. Пешке қоя тұрыңыз. Кесені алған кезде 
абайлаңыз. Сүзіңіз.
Untitled-17   21
3/13/2017   11:14:16 PM