Samsung WW4000J, Стиральная машина, Eco Bubble, 6 кг User Manual

Page of 160
22 Казақ
Орна
ту
Орнату
5-ҚАДАМ Су төгетін түтікті орналастырыңыз
Су төгетін түтікті үш түрлі тәсілмен орнатуға болады:
A
Ваннаның жиегінен асыра іліп қою
Су төгетін түтікті еденнен 60 см және 90 см 
(*) аралығындағы биіктікте орнату керек. 
Су төгетін түтіктің ұшын иілген қалпы ұстау 
үшін жинақпен бірге берілген 
пластик түтік 
бағыттағышты (A) пайдаланыңыз. Су 
тұрақты ағу үшін бағыттағышты қабырғаға 
ілгекті пайдаланып бекітіңіз.  
Раковинаның су төгетін түтігіне бекіту
Су төгетін түтіктің ұшы жерден кем дегенде 
60 см жоғары тұру үшін, су төгетін түтік 
раковина сифонынан биік тұруы керек.
Су төгетін құбыр ішінде
Су төгетін түтік 60 см және 90 см (*) 
аралығында болуы керек. 65 см тік түтікті 
пайдалануды ұсынамыз. Су төгетін түтіктің 
тік құбырға көлбеу түрде жалғанғанына көз 
жеткізіңіз.
Тік құбырға қойылатын талаптар:
•  Диаметрі кемдегенде 5 см
•  Ең аз өткізгіштігі минутына 60 литр
6-ҚАДАМ Тоққа қосу
Қорек сымының ашасын АТ 220-240 В / 50 Гц, сақтандырғыш немесе айырып-қосқышпен 
қорғалған қабырғадағы розеткаға жалғаңыз. Содан кейін кір жуғыш машинаны қосу үшін 
Қуат 
түймешігін басыңыз.
BB_WW4000J(SERK)-03578F-06_KZ (CIS).indd   22
2015-12-23     11:57:04