Samsung WW4000J, Стиральная машина, Eco Bubble, 6 кг User Manual

Page of 160
Казақ 25
Іск
е кірісу алдында
4-ҚАДАМ Алдын ала жуу (егер 
қажет болса)
Егер кір қатты кірлеп қалған болса, 
таңдалған цикл үшін Алдын ала жуу қызметін 
таңдаңыз. Жуғыш зат барабанға қолдан 
салынған болса, Алдын ала жуу қызметін 
пайдаланбаңыз.
5-ҚАДАМ Салуға болатын кірдің 
мөлшерін анықтаңыз
Кір жуғыш машинаны шамадан тыс 
толтырмаңыз. Өте көп кір салынса, кір 
жуғыш машина дұрыс жумауы мүмкін. 
Киім түрлеріне арналған салмақ мөлшерін 
31-беттен қараңыз.
ЕСКЕРІМ
Төсек жабдығын немесе төсек жапқыштарды 
жуғанда, жуу уақыты ұзаруы немесе 
айналдыру тиімділігі төмендеуі мүмкін. Төсек 
жабдықтарын немесе ақжаймаларды жуу 
үшін ұсынылатын ең үлкен айналдыру циклы 
800 мин/айн және салмақ 2,0 кг немесе 
бұдан аз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Кірдің теңгерімі жоқ болса "
Ub" ақпарат коды 
көрсетіледі, кірді таратып салыңыз. Егер 
кірдің теңгерімі жоқ болса, айналдыруға әсер 
етеді.
6-ҚАДАМ Сай келетін жуғыш зат 
түрін пайдаланыңыз
Жуғыш заттың түрі матаның түріне 
(мақта мата, синтетика, нәзік мата, жүн 
мата), түсіне, жуу температурасына және 
қаншалықты кірлегеніне байланысты. 
Әрқашан автомат кір жуғыш машиналарға 
арналған “аз көпіршитін” жуғыш заттарды 
қолданыңыз.
ЕСКЕРІМ
•  Жуғыш затты өндіруші нұсқауларын кірдің 
салмағын, қаншалықты кірлегенін және 
аймағыңыздағы судың кермектігін ескере 
отырып орындаңыз. Судың қаншалықты 
кермек екенін білмесеңіз, жергілікті 
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
•  Жентектеліп немесе қатып қалған жуғыш 
затты қолданбаңыз. Бұндай жуғыш зат 
шаю циклынан кейін қалып, су төгетін 
түтікті бітеп тастауы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Жүн мата циклымен жүн матаны жуған кезде 
бейтарап жуғыш затты ғана пайдаланыңыз. 
Егер жүн мата циклында ұнтақ жуғыш затты 
пайдалансаңыз, киімге жұғып, бояуы оңып 
кетуі мүмкін.
BB_WW4000J(SERK)-03578F-06_KZ (CIS).indd   25
2015-12-23     11:57:05