Samsung Моно лазерное МФУ SCX-4650N 24 стр/м User Manual

Page of 289
Негізгі факс жіберу
69
2. 
Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Факсті бірнеше бағытқа жіберу
Факсті бірнеше орынға жіберуге мүмкіндік беретін Бірнеше нөмірге 
жіберу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Түпнұсқалар автоматты түрде 
жадта сақталып, қашықтағы терминалға жіберіледі. 
Тасымалданғаннан кейін, түпнұсқалар автоматты түрде жадтан 
өшіріледі. 
 
Өте жақы параметрін таңдасаңыз немесе факс түрлі-түсті болса, 
бұл мүмкіндік көмегімен факстарды жібере алмайсыз.
 
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе 
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (51-беттегі 
"
Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
Басқару тақтасында 
(
факс) белгішесін таңдаңыз.
Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай 
реттеңіз (70-беттегі "Құжат параметрлерін баптау" бөлімін 
қараңыз).
Басқару тақтасында 
(
Меню) > Факс > Отпр.нескольк. 
тармағына өтіңіз.
Бірінші алушы факсінің нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.
Сіз тез теру сандарын баса аласыз немесе 
 (
Адресная 
книга) түймесін пайдаланып топтық теру нөмірін таңдай аласыз.
Екінші алушы факсінің нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.
Дисплейде құжатты жіберу үшін, келесі факс нөмірін енгізу 
сұралады.
Факс нөмірлерін енгізу үшін Да көрсетілгенде OK түймесін 
басып, 5 жəне 6 қадамдарын қайталаңыз. 
 
• 10-
ға дейін мақсатты орындарды қосуға болады.
Топтық теру нөмірлерін бір рет енгізгеннен кейін, басқа топтық 
теру нөмірлерін енгізу мүмкін емес.
 
Факс нөмірлерін енгізуді аяқтағаннан кейін, Другой номер? 
ұсынысынан бас тарту үшін Нет пəрменін таңдап, OK түймесін 
басыңыз.
Құрылғы факсті енгізілген нөмірлерге сіз енгізген рет бойынша 
жібере бастайды.
Факстарды жібергеннен кейін бірнеше жерге жіберу туралы есеп 
басып шығарылады.