Panasonic TH-47LF30ER Operating Guide

Page of 12
3
АБАЙЛАҢЫЗ 
Қауіпсіздік шаралары
 Орнату
Осы СК дисплеймен тек төмендегі қосымша таңдаулы керек-жарақтар ғана қолданылуы тиіс. Кез келген 
өзге қосымша керек-жарақтармен қолдану жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
(Төмендегі керек-жарақтардың барлығы - Panasonic Corporation өнімдері.)
Кез келген орнатуды тек білікті техникалық маман іске асыруы тиіс.
Кіші бөлшектерін байқаусыз жұтып қою, адам денсаулығын нашарлатуы мүмкін. Кішкентай бөлшектерді жас 
нəрестелерден аулақ ұстаңыз. Нəрестелер кішкентай бөлшектермен ойнап, денсаулықтарына ықтимал қауіп 
төндірмес үшін, қажетсіз бөлшектер мен басқа заттарды, соның ішінде қаптама материалдар жəне пластикалық 
пакеттер/парақтар лақтырып тастаңыз.
Дисплейді қисық немесе орнықсыз жерге қоймаңыз жəне дисплейдің негізінің шетіне ілініп қалмағанына 
көз жеткізіңіз.
• Дисплей құлап немесе аударылып қалуы мүмкін.
Дисплейдің үстіне ешбір зат қоймаңыз.
• Егер дисплей ішіне су немесе басқа да заттар кіріп кетсе, қысқа тұйықталу орын алуы мүмкін, ол өз кезегінде өртке 
немесе ток соғуға апарып соғуы ықтимал. Егер дисплейдің ішіне сырттан заттар кіріп кетсе, жергілікті Panasonic 
делдалына хабарласыңыз.
Тек тік қалпында тасымалдаңыз!
• Құрылғының дисплей тақтасының бетін жоғары немесе төмен қаратып тасымалдау ішкі электрлік тізбегіне 
зақым тигізуі мүмкін.
Желдету жолдары газет, дастархан жəне перде сияқты заттармен кептеліп, желтедуге кедергі келтірмеуі 
тиіс.
Қажетті желдетілу үшін;
Үстінен, сол жəне оң жақтарынан 10 см не одан көп орын, артынан 5 см не одан көп орын жəне 
дисплей түбі мен еден бетінің арасынан біраз бос орын қалдырыңыз.
Қабырғаға орнату кезіндегі сақтық шаралары
• Қабырғаға кəсіби техникалық маман орнатуы керек. Дисплейді дұрыс орнатпау салдарынан адам өліміне 
немесе ауыр жарақаттануға себеп болуы мүмкін. Содан кейін қабырғаға орнатқан кезде VESA стандарттарына 
(VESA 400 × 400) сəйкес келетін кронштейн пайдаланылуға тиіс.
• Дисплейді тігінен орнатқан кезде қуат индикаторын дисплейдің төмен бөлігіне орнатыңыз.
• Тірек ...............................................................................  TY-ST20-K
• Дыбыстық HD-SDI терминал тақтасы ......................... TY-FB10HD