Panasonic TH-47LFP30W Operating Guide

Page of 52
4
Қауіпсіздік шаралары
 ЕСКЕРТУ 
 СК дисплейді пайдалану барысында
Дисплейді орнынан жылжытпас бұрын барлық кабельдерін ажыратыңыз.
• Дисплей кейбір кабельдері қосулы кезде жылжытылса, кабельдерге зақым келуі мүмкін, ол өртке немесе 
ток соғуға апарып соғуы ықтпмал.
Кез  келген  тазалау  жұмысының  алдында  қауіпсіздік  шарасы  ретінде  қабырға  розеткасынан  электр 
шнурының штепселін ажыратыңыз.
• Керісінше жағдайда ток соғуы мүмкін.
Шаң басып қалмас үшін, электр шнурын жиі сүртіп тұрыңыз.
• Егер  электр  шнурының  штепселін  шаң  басып  қалса,  нəтижесінде  пайда  болған  ылғал  оқшаулауғышты 
зақымдап, өрт пайда болуы мүмкін. Электр шнурының штепселін қабырға розеткасынан ажыратып, электр 
шнурын құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Батареяларды жақпаңыз жəне зақымдамаңыз.
• Батареялардың күн көзі, от жəне т.с.с. ыстықта қалуына жол бермеңіз.
Қуат көзі
• Ақау пайда болған жағдайда штепсельді дереу ажырату үшін өнімді электр розеткасына жақын 
орнатыңыз. 
• Қабырғаға орнатқан жағдайда, ақау пайда болғанда дереу ажыратуға болатын розетканы пайдаланыңыз.
• Бұл өнім штепсель розеткаға салынған кезде қуат көзіне қосылады. Қуат көзінен толығымен ажырату үшін 
штепсельді розеткадан шығарып алу керек. 
Корпус
• Металл корпустың бұрыш бөлігі жарақат алуға себеп болуы мүмкін. 
• Өнімді көтерген кезде құлап кетуді болдырмау үшін тұтқаларынан ұстаңыз. Жарақат алуға немесе зақымдалуға 
алып келуі мүмкін. 
Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету
Дисплейлің алдыңғы жағында арнайы жабын бар. Панель бетін тек тазалағыш немесе жұмсақ, сызықтары 
жоқ шүберекпен абайлап сүртіңіз.
• Егер  панел  беті  тым  кір  болса,  таза  суда  немесе  бейтарап  жуғыш  зат 100 есе  сұйылтылған  суда 
ылғалдандырылған  жұмсақ,  сызықтары  жоқ  шүберекпен  сүртіңіз,  одан  кейін  дəл  сондай  дымқыл  емес 
шүберекпен панель беті құрғағанша сүртіңіз.
• Панель бетін тырнақпен немесе басқа қатты заттармен тырнамаңыз жəне тигізіп алмаңыз, кері жағдайда 
оған зақым тиюі ықтимал. Сондай-ақ, жəндіктерге қарсы спрейлер мен еріткіштер сияқты күшті химиялық 
заттардан қорғаңыз, себебі олар панель бетіне зиян тигізуі ықтимал.
Корпус кірлесе, оны жұмсақ əрі құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
• Егер корпус тым кірлеп кетсе, бейтарап жуғыш заттың аз мөлшері қосылған суда шүберекті ылғалдандырып, 
одан кейін құрғақ қылып сығып алыңыз. Корпусты осы шүберекпен сүртіп, құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Жуғыш заттардың дисплей бетіне тікелей тиюіне жол бермеңіз. Дисплей ішіне су тамшылары кіріп кетсе, 
оның қызметінде ақау пайда болуы мүмкін.
• Сондай-ақ, жəндіктерге қарсы спрейлер мен еріткіштер сияқты күшті химиялық заттардан қорғаңыз, себебі 
корпус сапасына зиян келуі не тіпті сыртқы жабыны түсіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ, резина не пластмассадан 
жасалған заттармен ұзақ уақыт бірге тұруына жол бермеңіз.