Panasonic TY-ST58PF20 Operating Guide

Page of 122
95
Ка
зах
ский
Қолдану ережелері
1)  Плазмалық  дисплейдің  орнын  таңдаған  кезде  абай  болыңыз,  себебі  күн  сəулесі  тікелей  түсетін 
жерге немесе жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2)  Дисплейді тазалау жəне сүрту үшін жұмсақ құрық (мақта немесе жүннен тоқылған) матаны 
пайдаланыңыз. Егер құрылғы аса бұлғалып кетсе, əуелі оны бейтарап жуу құралымен 
кетіріп, құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын 
пайдаланбаңыз, себебі ол жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін. 
(Плазмалық дисплейді тазалау туралы ақпаратты плазмалық дисплейдің пайдаланушы 
нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық жолмен өңделген мата пайдаланылса, матамен бірге 
берілген нұсқауларды орындаңыз.)
3)  Бұйымға  жабысқақ  таспа  немесе  стикерлер  жабыстырмаңыз.  Бұл  жылжымалы  тіреуіштің  бетін 
кірлетуі  мүмкін.  Резеңке,  винил  немесе  оған  ұқсас  заттардың  ұзақ  уақыт  тиіп  тұруына  жол 
бермеңіз. (Бұл нашарлауға себеп болуы мүмкін.)
4)  Плазмалық дисплейдің панелі шыныдан жасалған. Оған қатты күш немесе соққы тигізбеңіз.
Жылжымалы тіреуішті құрастыру жəне орнату кезіндегі сақтық шаралары
● Плазмалық  дисплейдің  дұрыс  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету  жəне  қандайда  бір  ақаудың  алдын 
алу үшін мына жерлерге орнатпаңыз.
  • Су шашқыштардың немесе өрт/түтін детекторларының жаны
  • Діріл немесе соққы тию қаупі төнетін жерлер
  • Жоғары кернеулі сымдардың немесе динамикалық қуат көздерінің жаны
  • Магнит өрістері, жылу, су буы немесе күйе шығатын жерлердің жаны
  • Жылыту жабдығынан үрленген ауа тиетін жерлер
  •  
Ауа  кондиционерінен  немесе  басқа  құрылғыдан  шығатын  конденсат  тамшылары  түзілетін 
жерлер
● Плазмалық дисплейдің  қуат ашасы үшін қол оңай жететін электр розеткасын пайдаланыңыз.
● Сыртқы  температураның 40 °C-тан  аспауы  үшін  оның  жақсы  желдетілуін  қамтамасыз  етіңіз. 
Əйтпесе, плазмалық дисплейдің ішінде қызу пайда болып, оның бұзылуына себеп болуы мүмкін.
● Бекіту  болттарын  немесе  қуат  сымын  қабырға  ішіндегі  кез  келген  метал  бөлшекке  тигізбей 
орнатыңыз.
● Құрастыру  жəне  орнату  кезінде  тіреуіш  пен  еден  сызылмауы  немесе  сырылмауы  үшін  еденге 
жұмсақ жапқыш немесе мата төсеп қойыңыз.
● Құрастыру жəне орнату жұмыстарын тегіс жəне көлденең бетте орындаңыз жəне құрастыру жəне 
орнату жұмыстарына арналған нұсқауларды орындаңыз.
● Бөлшектерді  бұрандамен  бекіткен  кезде,  бұрандалардың  бос  немесе  тым  қатты  тартылмауын 
қадағалаңыз.
● Құрастыру жəне орнату кезінде немесе жұмыс барысында қозғалғанда айналаңызда қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету үшін жеткілікті шаралар қолданыңыз.
● “Сақтық шараларын” міндетті түрде оқып шығыңыз жəне орындаңыз.
КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.
PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ 
КЕЛГЕН МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ 
ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Бұл тіреуіш тек Panasonic плазмалық дисплей үлгілеріне арналған (121-бетті қараңыз).
Басқа құрылғымен пайдалану тұрақсыздыққа əкеліп, жарақат алуға себеп болуы мүмкін.