Panasonic ty-tp65p30k Operating Guide

Page of 25
3
Жұмысқа кірісу
Сенсорлық панельді сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
Өнімді Windows XP немесе Vista компьютеріне жалғап пайдалану үшін, сенсорлық панельдің 
драйверін орнату керек.
Драйверді осы нұсқаулыққа сай орнатыңыз.
Windows7 үшін драйверді орнату қажет емес.
Сенсорлық панель драйвері бағдарламаға тінтуірге баламалы пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз 
ету үшін сенсорлық панельдің шығыс деректерін Microsoft сериялық тінтуірімен үйлесімді протоколға 
түрлендіруге мүмкіндік береді. Сондықтан, бар бағдарламаны сенсорлық панельмен басқаруға болады 
жəне сенсорлық панель бағдарламасының дамытуларын тінтуірді пайдаланып орындауға болады.
Сенсорлық панельдің басқару параметрлерін параметрлерді орнату бағдарламасын 
пайдаланып өзгертуге болады.
Бұл нұсқаулық Microsoft Windows əрекеттерімен таныс пайдаланушыларға арналған.
Windows əрекеттері туралы мəліметтерді алу үшін Windows нұсқаулығын, т.б. қараңыз.
Ескертпе
1.  Осы нұсқаулықтың немесе драйвер бағдарламасының кез келген немесе бүкіл бөлігін 
Panasonic корпорациясының алдын ала келісімінсіз көшіруге болмайды.
2.  Бұл нұсқаулықтың немесе драйвер бағдарламасының мазмұны жақсарту үшін ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
3.  Panasonic  корпорациясы  жауапкершілік  заңмен  жүктелмесе,  тұтынушының  немесе 
үшінші тараптың осы драйвер бағдарламасын дұрыс емес пайдалануына байланысты 
осы ақаулықтар тудырған кез келген құрылғының істен шығуына, деректердің бүлінуіне 
немесе зақымдалуға ешбір жауапкершілікті қабылдамайды.
4.  Осы нұсқаулықта аталған компания жəне өнім атаулары сəйкес компаниялардың сауда 
белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
5.  Бұл нұсқаулықты дайындауға барынша көңіл бөлінді, дегенмен, қате немесе өткізіп алған 
жерді тапсаңыз, осы құжаттың соңында берілген мекенжайға хабарласыңыз.
6.  Біз беттері ретсіз немесе жоқ кез келген нұсқаулықты ауыстырамыз.
Microsoft, Windows XP жəне Windows Vista – Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы жəне
басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері.
Осы нұсқаулықта аталған басқа компания жəне өнім атаулары сəйкес иелерінің сауда 
белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
™ жəне ® белгілері бұл нұсқаулықта көрсетілмеген.