Panasonic TH-42PH20ER Operating Guide

Page of 20
2
Маңызды қауіпсіздік ескертпесі
АБАЙЛАҢЫЗ
1)  Өрт немесе ток соғуға əкеп соғуы мүмкін зақымдардан аулақ болу үшін, аппаратты су тамуынан 
не шашырауынан сақтаңыз.
 
Су толтырылған (гүл вазасы, кесе, косметика жəне т.б.) ыдыстарды құрылғы үстіне қоймаңыз. 
(Бұл - құрылғы үстіндегі сөрелерге де қатысты жəне т.с.с.)
 
Жағылған шырағдан сияқты ашық от көзі құрылғыға немесе үстіне қойылмау керек. 
2)  Электр  соққысын  болдырмау  үшін  қақпағын  ашпаңыз.  Құрылғы  ішіндегі  бөлшектерді  пайдаланушы 
жөндей алмайды. Білікті қызмет көрсету мамандарының көмегіне жүгініңіз.
3)  Электр штепселіндегі жер істігін алып тастамаңыз. Бұл аппарат үш істікті жерлік электр штепселімен 
жабдықталған. Бұл штепсель тек жерлік қуат көзіне сай келеді. Бұл - қауіпсіздік шарасы. Егер штепсельді 
ток көзіне қоса алмасаңыз, электр маманын шақырыңыз.
 
Жерлік штепсель қызметіне күмəн тудырмаңыз.
4)  Ток соғуға жол бермес үшін айнымалы ток шнурының штепселіндегі жерлік істік берік жалғанғанына көз 
жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Бұл аппарат электромагниттік өрістерден салыстырмалы түрде бос аумақтарда қолданылуға арналған.
Аппаратты күшті электромагниттік өрістер көзінің жанында немесе электр кедергілері кіріс сигналдарды 
басып жіберуі мүмкін жерде пайдалану кескін мен дыбыс діріліне немесе шу сияқты кедергілердің пайда 
болуына əкеп соғуы мүмкін.
Аппараттың  зақымдалуына  жол  бермес  үшін,  оны  күшті  электромагниттік  өрістердің  көздерінен  алыс 
ұстаңыз.
Сауда белгілерінің тізімі
•  VGA - International Business Machines Corporation корпорациясының сауда белгісі.
•  Macintosh - Apple Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгісі, АҚШ.
•  SVGA, XGA, SXGA жəне UXGA - Video Electronics Standard Association ассоциациясының тіркелген сауда 
белгілері.
  Компанияларға немесе өнім сауда белгілеріне арнайы сілтеме жасалмаған жағдайда да, бұл сауда белгілері 
толығымен мойындалады.
• HDMI, HDMI логотипі  жəне High-Defi nition Multimedia Interface — АҚШ-тағы  жəне  басқа  елдердегі HDMI 
Licensing LLC компаниясының тіркелген сауда белгісі болып табылады.
Ескертпе:
Қозғалыссыз кескіннің дисплейде ұзақ бейнеленіп тұруына жол бермеңіз, себебі бұл - плазмалық дисплейде 
тұрақты сурет қалдығының қалуына алып келуі мүмкін.
Қозғалыссыз кескіндерге логотиптер, бейне ойындар, компьютерлік кескіндер, телемəтін жəне кескіндер  
мысалдары 4:3 режимінде бейнеленеді.