Panasonic CZRTC5A Operating Guide

Page of 54
24
(KZ)
Қуат үнемдеу
 
ECONAVI
Бұл функция қосымша ECONAVI датчигін бекіткенде қол жетімді болады.
ECONAVI датчигі адам белсенділігін анықтайды жəне белсенділік деңгейінің 
негізінде қуатты үнемдейді. 
 
ЕСКЕРТУ
Тек кемтар адамдар немесе сəбилер бар бөлмеде ECONAVI функциясын 
пайдаланбаңыз. Олардың шектеулі қозғалыстарына байланысты ECONAVI 
датчигі адам жоқ деп шешіп, ішкі блок жұмысын тоқтатуы мүмкін.
ECONAVI функциясына шолу
Жоғары белсенділік
• Салқындату:  Мақсатты температура орнатылған 
температурамен бірдей.
• Қыздыру:  Мақсатты температура орнатылған температурадан 
1 °C төменірек.
Төмен белсенділік
• Салқындату:  Мақсатты температура орнатылған 
температурадан 1 °C жоғарырақ.
• Қыздыру:  Мақсатты температура орнатылған температурамен 
бірдей.
Бөлмеде ешкім жоқ
Бөлмеде 20 минут бойы ешкім жоқ
• Салқындату:  Мақсатты температура орнатылған 
температурадан 2 °C жоғарырақ.
• Қыздыру:  Мақсатты температура орнатылған температурадан 
2 °C төменірек.
Бөлмеде 1 сағат бойы ешкім жоқ
• Бөлмеде шамамен 1 сағат бойы немесе көбірек ешкім 
болмаса, құрылғы көрсетілген «Absence operation mode» 
режимінде жұмыс істейді.
Əдепкі параметрде қуатты үнемдейтін жұмыс орнатылған 
температура шектелген күйде жалғастырылады.
Бөлмеде 3 сағат бойы ешкім жоқ
• Салқындату:  Салқындату тоқтатылады жəне құрылғы тек 
вентилятор режимінде болады.
• Қыздыру:  Қыздыру тоқтатылады жəне құрылғы тек вентилятор 
режимінде болады.
* Бос болған бөлмеде 
қозғалыстарды 
анықтаса, датчик 
белсенділік деңгейіне 
сай жұмысты 
жалғастырады.
Тікелей/тікелей емес 
ауа ағыны
• Тікелей ауа ағыны:  ECONAVI датчигі адамды анықтағанда 
құрылғы адам бар жерге жоғары жəне 
төмен қарай жел жібереді.
• Тікелей емес ауа ағыны:  Құрылғы тікелей адам денесіне жел үрмейді.
Айналым
(Тек кассетаға 
арналған панельді 
(ECONAVI түрі) 
пайдаланғанда)
• Салқындату:  Топтық басқару кезінде ECONAVI датчигі еденнің 
жоғары температурасын анықтаса, төбе жаны мен еден 
жаны арасындағы температураның біркелкі болмауын 
жеңілдету үшін «Айналым» (ауа айналымы) орындалады.
• Қыздыру:  ECONAVI датчигі еденнің төмен температурасын 
анықтаса, төбе жаны мен еден жаны арасындағы 
температураның біркелкі болмауын жеңілдету үшін 
«Айналым» (ауа айналымы) орындалады.