Panasonic TH-47LFX30W Operating Guide

Page of 20
5
АБАЙЛАҢЫЗ 
Қауіпсіздік шаралары
 Орнату
Кез келген орнатуды тек білікті техникалық маман іске асыруы тиіс.
Кіші бөлшектерін байқаусыз жұтып қою, адам денсаулығын нашарлатуы мүмкін. Кішкентай бөлшектерді жас 
нəрестелерден аулақ ұстаңыз. Нəрестелер кішкентай бөлшектермен ойнап, денсаулықтарына ықтимал қауіп 
төндірмес үшін, қажетсіз бөлшектер мен басқа заттарды, соның ішінде қаптама материалдар жəне пластикалық 
пакеттер/парақтар лақтырып тастаңыз.
Дисплейдің үстіне ешбір зат қоймаңыз.
• Егер дисплейдің ішіне сырттан заттар кіріп кетсе, жергілікті Panasonic делдалына хабарласыңыз.
Тек тік қалпында тасымалдаңыз!
• Құрылғының дисплей тақтасының бетін жоғары немесе төмен қаратып тасымалдау ішкі электрлік тізбегіне 
зақым тигізуі мүмкін.
Желдету тесіктерін газет, дастарқан жəне перде сияқты заттармен жабу арқылы желдеткішке кедергі 
келтірмеу керек.
Қажетті жылу шығару үшін,
Орнату үшін үстіңгі, астыңғы, оң, сол жəне артқы жақтарынан 20 см немесе одан көп бос орын 
қалдырыңыз.
• Өнімді жұмыс істеу жағдайының температура аралығында пайдаланыңыз.
• Дисплейдің кіріс немесе шығыс тесіктерін жаппаңыз.
Қабырғаға орнату кезіндегі сақтық шаралары
• Қабырғаға кəсіби техникалық маман орнатуы керек. Дисплейді дұрыс орнатпау салдарынан адам өліміне 
немесе ауыр жарақаттануға себеп болуы мүмкін. Содан кейін қабырғаға орнатқан кезде VESA стандарттарына 
(VESA 400 × 400) сəйкес келетін кронштейн пайдаланылуға тиіс.
•  Дисплейді тігінен орнатқанда, терминал қақпағын жоғары қарай көтеріңіз.