Panasonic KXTGA850RU Operating Guide

Page of 48
19
сақтаңыз. Аккумуляторларға сақина, білезік немесе кілт тәрізді өткізгіш 
материалдардың тиіп кетуін болдырмаңыз. Әйтпесе қысқа тұйықталу 
аккумуляторлардың және/немесе өткізгіш материалдардың қызуына және 
күйіп қалуға әкеп соғуы мүмкін.
•  Топтамаға енетін немесе осы басшылықта суреттелген нұсқаулықтар 
мен шектеулерге сәйкес осы бұйыммен бірге пайдалануға ұсынылған 
аккумуляторларды зарядтаңыз.
•  Аккумуляторларды зарядтау үшін тек үйлесімді базалық блок пен зарядтау 
құрылғысын пайдаланыңыз. Базалық блокты немесе зарядтау құрылғысын 
бөлшектемеңіз. Бұл талаптардың сақталмауы аккумуляторлардың ісінуіне 
немесе олардың жарылуына әкеп соғуы мүмкін.
Қосымша ақпарат
•  Бұйымды электр құралдарының жанында қолдану кедергілердің себебіне 
айналуы мүмкін. Электр құралдарынан алшақ кетіңіз.
•  Осы басшылықта көрсетілген қуат көзінің тоқсымы мен аккумуляторларын 
пайдаланыңыз. Аккумуляторларды отқа тастамаңыз. Олар жарылуы 
мүмкін. Оларды жою бойынша арнайы сілтемелерге қатысы бар жергілікті 
нормалармен және ережелермен салыстырыңыз.
Уақтылы күтім жасау
•  Бұйымның сыртқы бетін жұмсақ ылғалды матамен сүртіңіз.
•  Бензин, еріткіштер немесе абразивті ұнтақтарды пайдаланбаңыз.
Бұымды жою, табыс ету немесе қайтару туралы хабарлама 
•  Бұл бұйымда жеке/құпия ақпарат сақталуы мүмкін. Жеке меншікті/
құпиялықты қорғау үшін бұйымды жойғанға, табыс еткенге немесе 
қайтарғанға дейін оның зердесінен телефон кітабы немесе қоңырау 
шалғандар тізімі сияқты мәліметтерді өшіру ұсынылады.
Еуропалық Одақ шегінен тыс басқа елдердегі жою туралы ақпарат
Бұл символдар тек Еуропалық Одақта ғана әрекет етеді. Бұл бұйымдарды 
жою қажеттігі кезінде жергілікті биліктер мен дилерлерден жоюдың дұрыс 
тәсілдері туралы біліп алыңыз.
Бұйымды қолдану мерзімі
Бұйымның өндірушімен тағайындалған қолдану мерзімі ол осы нұсқаулыққа 
және сәйкес техникалық стандарттарға қатаң түрде сай келіп қолданылса 
ғана, оны өндірген күннен бастап 5 жылды құрайды.
TGA850RU(ru)_5Language.indb   19
4/26/2010   4:53:37 PM