Panasonic TH-65PF30ER Operating Guide

Page of 71
65
Ақаулықтарды жою
Қызмет  көрсету  орталығына  қоңырау  шалудың  алдында  ақаулықтардың  белгілерін  анықтаңыз  жəне  төменде 
көрсетілгендей бірнеше тексерулерді өткізіңіз.
Белгілер
Тексерулер
Сурет
Дыбыс
Радио 
кедергілер
Шулары бар 
дыбыс
Тұрмыстық электр жабдықтары
Көліктер / мотоциклдер
Люминесценттік шамдар
Қалыпты 
сурет
Дыбыс жоқ
Дыбыс қаттылығы
(Қашықтан басқару пультінде дыбысты өшіру функциясы белсендірілгенін 
тексеріңіз.)
Сурет жоқ
Дыбыс жоқ
Желі розеткасына қосылмаған
Қуат өшіргіші қосылмаған
Сурет жəне жарықтық/дыбыс қаттылығы орнатулары
(Қашықтан басқару пультіндегі қуат немесе күту түймесін басып 
тексеріңіз.)
Сурет жоқ
Қалыпты 
дыбыс
Егер  түсті  теледидар  жүйесінің  қолдау  көрсетілмейтін  форматы  бар 
немесе жиілігі дұрыс емес сигнал алынса, тек кіріс ұясының индикациясы 
көрсетіледі.
 
Түс жоқ
Қалыпты 
дыбыс
Түс орнатулары ең аз деңгейге орнатылған (28, 29 беттерді қараңыз)
Система цветного телевидения (49-бетті қараңыз)
Қашықтан басқару пультіндегі əрекеттерді орындау 
мүмкін емес.
Батареиялардың заряды толығымен біткенін тексеріңіз жəне олай болмаса, олардың 
дұрыс салынғанын тексеріңіз.
Қашықтан басқару пультінің сенсорына сыртқы жарық немесе күшті флуоресценттік 
жарық əсер етпегенін тексеріңіз.
Қашықтан басқару пульті пайдаланылып жатқан құрылғыда қолдану үшін жасалғанын 
тексеріңіз. (Құрылғыны басқа қашықтан басқару пультімен басқару мүмкін емес.)
Кейде құрылғыдан сатырлаған дыбыс естіледі.
Егер  сурет  пен  дыбыста  барлығы  дұрыс  болса,  онда  бұл  дыбысты  бөлме 
температурасының өзгеруінің нəтижесінде азғантай сығылатын корпус шығарады. 
Техникалық сипаттамаларға да, басқа жақтарға да жағымсыз əсер етілмейді.
Үлкейту  функциясын  пайдаланғанда  экрандағы 
суреттің үсті мен асты қиылады.
Суреттің экрандағы орнын реттеңіз.
Үлкейту  функциясын  пайдаланғанда  экранның 
үстінде жəне астында сурет жоқ жерде аймақтар 
пайда болады.
Экраны 16:9 режиміндегі  экраннан  өлшемі  кеңірек  бейне  бағдарламалық  жасақтамасын 
(мысалы, кинофильм өлшемін қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтаманы) пайдаланғанда, 
экранның үстінде жəне астында суреттен бөлінген аймақтар құрылады.
Құрылғыдан келетін дыбыстарды естимін.
Қуат қосылғанда жұмыс күйіне əкелініп жатқан плазмалық панельдің дыбыс 
естіледі. Бұл қалыпты нəрсе жəне ақаулықты көрсетпейді.
Құрылғының бөлшектері қызады.
Алдыңғы, жоғарғы жəне артқы панельдердің бөлшектерінің температурасы жоғарыласа 
да, бұл құрылғының жұмысына немесе сапасына кері əсерін тигізбейді.
Қуат күтпеген жерден автоматты түрде өшеді.
“Установка” мəзірінде “PC Управление питанием”, “DVI-D Управление 
питанием”, “Выключение питания без сигнала” жəне “Выключение 
питания без операций” параметрлерін тексеріңіз. Олардың кез келгенін 
“ВКЛ” күйіне қоюға болады. (41-бетті қараңыз)
Қуат көрсеткіші қызыл түспен жыпылықтайды.
Ақау болуы ықтимал. Уəкілетті қызмет орталығымен хабарласыңыз.
Бұл плазмалық дисплейде арнайы суреттерді өңдеу пайдаланылады. Сондықтан кіріс сигналдың түріне байланысты сурет пен 
дыбыстың арасында азғантай уақыт кідірісі байқалады. Алайда, бұл ақаулық болып табылмайды.
Плазмалық дисплей панелі
Белгілер
Тексеру
Қозғалыстары өте аз жарық 
суреттер көрсетілгенде экран 
аздап қараяды.
Ұзақ уақыт бойы суреттер, компьютердің қозғалыссыз суреттері немесе қозғалыстары өте аз басқа суреттер 
көрсетілгенде экран аздап қараяды. Бұл экрандағы қалдық суретті азайту жəне экранның қызмет көрсету мерзімінің 
қысқаруын болдырмау үшін істелген: Бұл қалыпты нəрсе жəне ақаулық бар екенін көрсетпейді.
Суреттің пайда болуына 
біраз уақыт кетеді.
Құрылғы эстетикалық тұрғыдан жағымды суреттерді көрсету үшін əр түрлі сигналдарды өңдейді. 
Сондықтан, қуат қосылғанда, кіріс ауыстырылғанда, кейде суреттің көрінуі үшін біраз уақыт кетеді.
Суреттердің жиектері 
жылтылдайды.
Панельді басқару үшін пайдаланылатын жүйенің сипаттарына бола суреттердің тез қозғалатын 
бөліктерінде жиектер жылтылдайды: Бұл қалыпты нəрсе жəне ақаулықты көрсетпейді.
4:3 режимінде суреттердің 
екі жағындағы да жарықтық 
өзгереді.
Боковая  панель  панельдерді  “Яркие”  немесе  “Средние”  орнатуларын  пайдаланып  көргенде, 
көрсетілетін бағдарламаның түріне байланысты екі жақтың да жарықтығы өзгеруі мүмкін: Бұл 
қалыпты нəрсе жəне ақаулықты көрсетпейді.
Экранның кейбір бөліктері 
көрінбейді.
Плазмалық дисплей панелі дəлдігі өте жоғары технология бойынша жасалады, бірақ кейде экранның кейбір 
бөліктері суреттің элементтерін жоғалтады немесе оларда жарқырайтын нүктелер болады. Бұл ақаулық емес.
Мысал
Қалдық сурет пайда болады
Қозғалыссыз суреттің ұзақ уақыт көрсетілуіне жол бермеңіз, өйткені бұл плазмалық дисплейде 
тұрақты қалдық суреттің қалуына əкеледі.
Қозғалыссыз суреттердің барлық мысалдарына 4:3 режимінде көрсетілетін логотиптер, бейне 
ойындар, компьютер суреттері, телетекст жəне суреттер кіреді.
Ескертпе:
Қозғалыссыз суретті көрсетудің салдарынан плазмалық дисплейде пайда болатын тұрақта қалдық 
сурет функционалдық ақаулық болып табылмайды жəне Кепілдемеге жатпайды.
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз суреттерді көрсетуге арналмаған.
Құрылғыдан ызылдаған 
дыбыс естіледі.
Дисплей əдеттегі пайдалануда қызуды кетіруге арналған салқындататын вентилятормен жабдықталған. 
Ызылдаған дыбысты вентилятордың айналуы тудырады жəне бұл ақаулық емес.