Panasonic TH-65VX300ER Operating Guide

Page of 74
4
АБАЙЛАҢЫЗ 
Қауіпсіздік шаралары
 Орнату
Осы плазмалық дисплеймен тек төмендегі қосымша таңдаулы керек-жарақтар ғана қолданылуы тиіс. 
Кез келген өзге қосымша керек-жарақтармен қолдану жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
(Төмендегі керек-жарақтардың барлығы - Panasonic Corporation өнімдері.)
Кез келген орнатуды тек білікті техникалық маман іске асыруы тиіс.
Кіші бөлшектерін байқаусыз жұтып қою, адам денсаулығын нашарлатуы мүмкін. Кішкентай бөлшектерді жас 
нəрестелерден аулақ ұстаңыз. Нəрестелер кішкентай бөлшектермен ойнап, денсаулықтарына ықтимал қауіп 
төндірмес үшін, қажетсіз бөлшектер мен басқа заттарды, соның ішінде қаптама материалдар жəне пластикалық 
пакеттер/парақтар лақтырып тастаңыз.
Плазмалық дисплейді қисық немесе орнықсыз жерге қоймаңыз жəне плазмалық дисплейдің негізінің 
шетіне ілініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Плазмалық дисплей құлап немесе аударылып қалуы мүмкін.
Плазмалық дисплейге ешбір зат қоймаңыз.
• Егер плазмалық дисплей ішіне су немесе басқа да заттар кіріп кетсе, қысқа тұйықталу орын алуы мүмкін, ол өз 
кезегінде өртке немесе ток соғуға апарып соғуы ықтимал. Егер плазмалық дисплейдің ішіне сырттан заттар кіріп 
кетсе, жергілікті Panasonic делдалына хабарласыңыз.
Тек тік қалпында тасымалдаңыз!
• Құрылғының дисплей тақтасының бетін жоғары немесе төмен қаратып тасымалдау ішкі электрлік тізбегіне 
зақым тигізуі мүмкін.
Желдету жолдары газет, дастархан жəне перде сияқты заттармен кептеліп, желтедуге кедергі келтірмеуі тиіс.
Қажетті желдетілу үшін;
Тірек (қосымша керек-жарақ) қолданғанда үстінен, сол жəне оң жақтарынан 10 см не одан көп 
орын, артынан 7 см не одан көп орын жəне дисплей түбі мен еден бетінің арасында біраз бос орын 
қалдырыңыз.
Басқа орнату əдісін пайдалансаңыз, оның нұсқаулығына жүгініңіз. (Егер орнату нұсқаулығында 
орнату өлшемдері арнайы көрсетілмеген болса, үстінен, астынан, сол жəне оң жақтарынан 10 см не 
одан көп орын жəне артынан 7 см немесе одан көп орын қалдырыңыз.)
• Динамиктер ...................................................................   TY-SP65P11WK
• Тірек ...............................................................................  TY-ST65VX300
• Қабырғаға бекітетін кронштейн (бұрыштық) ...............  TY-WK65PR20
• BNC бейне ұяларының қос тақтасы ............................ TY-FB9BD
• HD-SDI аудио тақтасы .................................................. TY-FB9HD
• HD-SDI аудио ұялар тақтасы ....................................... TY-FB10HD
• HD-SDI ұяларының қос тақтасы .................................. TY-FB11DHD
• 3D үшін қос HD-SDI терминалдар тақтасы  ................ TY-FB30DHD3D
• HDMI ұяларының қос тақтасы ..................................... TY-FB10HMD
• DVI-D порт тақтасы ....................................................... TY-FB11DD
• 3D үшін қос DVI-D терминалдар тақтасы ................... TY-FB30DD3D
• AV ұялар тақтасы .......................................................... TY-TB10AV
• 3D ИҚ БЕРГІШІН ........................................................... TY-3D30TRW