Philips Jamie Oliver HomeCooker HR1051/30 HR1051/30 Data Sheet

Product codes
HR1051/30
Page of 312
 
- Кесу құралын балалар пайдаланбауы керек. Кесу құралын және оның 
қуат сымын балалардан аулақ ұстаңыз. 
 
- Кесу құралын қауіпсіз қолданыс жөнінде нұсқау алған, біреудің 
қадағалауымен қауіпсіз пайдаланған және құрал қолданысына 
қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген мүмкіндігі мен ойлау қабілеті 
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады. 
 
- HomeCooker құрылғысын қауіпсіз қолданыс жөнінде нұсқау алған, 
біреудің қадағалауымен қауіпсіз пайдаланған және HomeCooker 
құрылғысын қолдануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген 8 жасқа 
толған және одан үлкен балалар, сондай-ақ мүмкіндігі мен ойлау 
қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
 
- Балалардың HomeCooker құрылғысымен ойнауына жол бермеңіз. 
 
- Қосылып тұрғанда немесе суып жатқанда, HomeCooker құрылғысы 
мен қуат сымын жасы сегізде немесе сегізге толмаған балалардың 
қолы жетпейтін жерге қою керек. 
 
- 8 жастағы немесе одан үлкен балалар HomeCooker құрылғысын тек 
бақылау астында тазалауы керек. 
 
- Қуат сымы үстелдің немесе жабдық қойылған беттің шетінен 
салбырап тұрмау керек. 
 
- Жабдық пен қуат сымын ыстық беттерден аулақ ұстаңыз. 
 
- HomeCooker құрылғысының артында және екі жағында кем дегенде 
10 см бос орын қалдырыңыз.
 
- Жұмыс істеп тұрғанда, HomeCooker құрылғысына заттарды жақын 
қоймаңыз.
 
- Жабдықты розеткаға қосу алдында қуат сымын толығымен жазып 
алыңыз. 
 
- Негізге кәстрөл қойылмаған HomeCooker құрылғысын ешқашан 
пайдаланбаңыз.
 
- Кесу құралының дискілерінің кесетін жиектеріне тимеңіз. Кесетін 
жиектер өте өткір.
 
- Пісіру кезінде HomeCooker құрылғысы қатты қызады және ұзақ 
уақыт бойы ыстық болады. Басқару тақтасындағы қызыл «қыздыру 
тақтасы ыстық» көрсеткіш шамы жанғанда, қыздыру тақтасы ыстық 
болады және оған тимеу керек.
 
- Қыздыру тақтасы қосулы немесе ыстық кезде ешқашан қауіпсіздік 
сақинасын алмаңыз.
 
- Ұзын шашты, зергерлік бұйымдарды, бос киімді, т.б. 
араластырғыштан аулақ ұстаңыз.
 
- HomeCooker құрылғысы жұмыс істеп тұрғанда қолмен жетуге 
болатын беттердің температурасы жоғары болады.
 
- Шамадан тыс қызған май тұтануы мүмкін.
 
- Жұмыс істеп тұрған кезінде кесу құралының тостағанынан 
ингредиенттерді алу үшін ешқашан күрекшені немесе қасықты 
пайдаланбаңыз. Беру түтігінен бірдеңені алу керек болса, әрқашан 
кесу құралының ашасын ажыратыңыз. 
 
- Кесу құралы істеп тұрғанда, ингредиенттерді салатын түтікке 
азықты саусақпен немесе басқа затпен (мысалы, күрекшемен) 
тығындамаңыз. Бұл үшін тығындағышты қолданыңыз.
 
- Кесу құралы жұмыс істеп тұрұғанда ешқашан беру түтігіне саусақты 
апармаңыз. 
ҚазаҚша
121