Philips BM5W/10 User Manual

Page of 22
19
KK
9  Ескерту
  
Осы құжат арқылы Gibson Innovations 
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC 
директивасының негізгі талаптары мен 
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін 
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны 
www.p4c.philips.com сайтынан табуға болады.
Gibson тікелей рұқсат бермеген құрылғыға 
енгізілген қандай да бір өзгерістер немесе 
модификациялар пайдаланушыны жабдықты 
пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Ескірген өнімді тастау
  
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға 
болатын жоғары сапалы материалдар 
мен бөлшектерден жасалған.
 
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы 
қамтылатынын білдіреді. Электр және 
электрондық бұйымдардың қалдықтарын 
жинау жөніндегі жергілікті ережелерімен 
танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді 
орындаңыз және бұйымдарды әдеттегі 
тұрмыстық қалдықтармен бірге 
тастамаңыз. Ескі бұйымдарды қоқысқа 
дұрыс тастау қоршаған ортаға және 
адам денсаулығына тиетін зиянды 
әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып 
тасталған. Біз орамды үш материалға 
оңай ажыратылатын етіп жасауға 
тырыстық: картон (қорап), көбік 
полистирол (буфер) және полиэтилен 
(дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания 
тарапынан бөлшектенген жағдайда 
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын 
материалдардан тұрады. Орауыш 
материалдар, ресурсі біткен батареялар 
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты 
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
  
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері 
Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының 
иелігіндегі тіркелген сауда белгілері 
болып табылады және мұндай белгілерді 
Gibson Innovations Limited лицензияға 
сәйкес пайдаланады. Басқа сауда 
белгілері және сауда атаулары сәйкес 
иелерінің меншігі болып табылады.
Ескертпе
 
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында 
орналасқан.
Жазбаша ұсыныс
Gibson Innovations Limited компаниясы осы 
құжатпен өнімде пайдаланылатын ашық 
бастапқы бағдарламалар бумаларының сәйкес 
бастапқы кодтың көшірмесін сұрау бойынша 
ұсынады. Бұл ұсыныс тиісті лицензиялармен 
сұралады. Бұл ұсыныс бұйымды сатып 
алғаннан кейін үш жылға дейін жарамды. 
Бастапқы кодты алу үшін open.source-gi@
gibson.com мекенжайына хабарласыңыз. Егер 
электрондық поштаны пайдаланбауды жөн 
көрсеңіз немесе осы электрондық пошта 
мекенжайына хабар жібергеннен кейін 
растау хабарын алмасаңыз, мына мекенжайға 
жазыңыз: Open Source Team, Gibson 
Innovations Limited, 5/F Philips Electronics 
Building, 5 Science Park East Avenue, Hong 
Kong Science Park, Shatin, N.T. Hong Kong.