Philips BM50B/10 User Manual

Page of 30
7
KK
3  Жұмысты 
бастау
Ескерту
 
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін, 
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет 
көрсету процедураларын орындау зиянды сәуленің 
шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті 
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, 
сізден осы құрылғының үлгі және сериялық 
нөмірі сұралады. Модель нөмірі және 
сериялық нөмір құрылғының артқы жағында 
орналасқан. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз: 
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір 
___________________________
FM антеннасын жалғау
Кеңес
 
Оңтайлы қабылдау үшін антеннаны толығымен 
ұзартыңыз және күйін реттеңіз.
 
Жақсырақ FM стерео қабылдау үшін сыртқы FM 
антеннасын FM ANT ұясына жалғаңыз.
•  Жинақтағы FM антеннасын құрылғының 
артындағы FM ANT ұясына жалғаңыз.
  
Қуатты қосу
Ескерту
 
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі негізгі 
құрылғының артқы жағында басылған кернеуге 
сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
 
Ток соғу қаупі бар! АТ қуат адаптерін қоспастан 
бұрын адаптер ашасының түрлендіргішінің 
бекітілгенін тексеріңіз. АТ қуат адаптерін 
ажыратқанда, сымнан емес, әрқашан ашадан ұстап 
розеткадан суырыңыз.
 
АТ қуат адаптерін қоспастан бұрын барлық басқа 
қосылымдарды аяқтағаныңызды тексеріңіз.
  
Қашықтан басқару құралын 
дайындау
Ескерту
 
Өнімді бұзып алу қаупі! Қашықтан басқару 
құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жағдайда 
батареяларды алып тастаңыз.
Қашықтан басқару құралының батареясын 
салу үшін:
Батарея бөлімін ашыңыз.
Жинақта берілген AAA батареясын 
көрсетілгендей полярлықтарын (+/-) 
дұрыс қаратып салыңыз.