Philips BTB2315/12 User Manual

Page of 28
22 KK
8  Ақаулықтарды 
жою
Абайлаңыз
 
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені 
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. 
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде 
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан 
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп 
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб-
бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips 
компаниясына хабарласқанда, құрылғының 
жақында болуын және үлгі нөмірі мен 
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз 
етіңіз.
Қуат жоқ
 • Құрылғы АТ қуат сымының дұрыс 
қосылғанын тексеріңіз.
 • АТ розеткасында қуаттың бар екендігін 
тексеріңіз.
 • Қуатты үнемдеу мүмкіндігі ретінде 
жолды ойнату соңына жеткеннен кейін 
және ешқандай басқару болмаса, жүйе 
15 минуттан кейін автоматты түрде 
өшеді.
Дыбыс жоқ немесе нашар
 • Дыбыс деңгейін реттеңіз.
 • Динамиктің дұрыс қосылғанын 
тексеріңіз.
 • Жолақты динамик сымдарының 
қыстырылғанын тексеріңіз.
Құрылғыдан жауап жоқ
 • Айнымалы ток қуат штепселін ажыратып, 
қайта қосыңыз, одан кейін жүйені 
қайтадан қосыңыз.
Қашықтан басқару құралы жұмыс істемейді
 • Қандай да бір функция түймесін 
баспастан бұрын, алдымен негізгі 
құрылғының орнына қашықтан басқару 
құралымен дұрыс көзді таңдаңыз.
 • Қашықтан басқару құралы мен құрылғы 
арасын жақындатыңыз.
 • Батареяны көрсетілгендей қарсылықпен 
(+/– белгілері) туралап салыңыз.
 • Батареяны ауыстырыңыз.
 • Қашықтан басқару құралын құрылғының 
алдындағы сенсорға бағыттаңыз.
Диск таңдалмаған
 • Дискіні салыңыз.
 • Дискінің жазулы жағы жоғары қарап 
салынғанына көз жеткізіңіз.
 • Линзадағы ылғал конденсациясы 
тазаланғанша күтіңіз.
 • Дискіні ауыстырыңыз немесе тазалаңыз.
 • Пішімделген ықшам дискіні немесе 
дұрыс пішімдегі дискіні пайдаланыңыз.
USB құрылғысындағы кейбір файлдарды 
көрсету мүмкін емес
 • USB құрылғысындағы қалталардың не 
файлдардың саны белгілі бір шектен 
асып кеткен. Бұл құбылыс ақаулыққа 
жатпайды.
 • Бұл файлдардың форматтарына қолдау 
көрсетілмейді.
USB құрылғысына қолдау көрсетілмейді
 • USB құрылғысы құрылғымен үйлесімді 
емес. Басқасын қолданып көріңіз.
Нашар радио сигналын қабылдау
 • Құрылғы мен теледидар немесе 
бейнемагнитофон арасындағы 
қашықтықты көбейтіңіз.
 • Жинақтағы антеннаны қосыңыз және 
толығымен ұзартыңыз.
Bluetooth байланысы сәтті орнағаннан кейін 
де құрылғыда музыка ойнату мүмкін емес.
 • Құрылғыны осы құрылғы арқылы 
музыканы сымсыз ойнату үшін пайдалану 
мүмкін емес.