Philips HX6731/02 User Manual

Page of 282
108
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және 
Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен 
пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome 
веб-торабында тіркеңіз.
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы 
нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап 
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
 
- Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды 
судан алыс ұстаңыз. Оны су бар ваннадағы, душ 
кабинасындағы, шұңғылшадағы, т.б. үстіне немесе 
жанына қоймаңыз не сақтамаңыз. Зарядтағышты 
және/немесе дезинфекторды суға немесе 
кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз. 
Тазалағаннан кейін, қуат көзіне қоспай тұрып 
зарядтағыштың және/немесе дезинфектордың 
толығымен құрғағанын тексеріңіз.
Абайлаңыз!
 
- Ток сымын ауыстыруға болмайды. Егер ток 
сымы зақымдалса, зарядтағышты және/немесе 
дезинфекторды тастау керек.
 
- Қауіпті болдырмау үшін әрқашан зарядтағышты 
және/немесе дезинфекторды бастапқы түріне 
жататынымен ауыстырыңыз.
 
- Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды 
сыртта немесе қызып тұрған беттердің 
жанында пайдалануға болмайды. 
Дезинфекторды аэрозольдық (спрей) өнімдер 
пайдаланылатын немесе оттегі реттелетін 
жерде пайдалануға болмайды. 
ҚАЗАҚША