Philips BTB2370/12 User Manual

Page of 28
7
KK
3  Жұмысты 
бастау
Ескерту
 
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін, 
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет 
көрсету процедураларын орындау зиянды сәуленің 
шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті 
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, 
сізден осы құрылғының үлгі және сериялық 
нөмірі сұралады. Модель нөмірі және 
сериялық нөмір құрылғының артқы жағында 
орналасқан. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз: 
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір ______________________
Динамиктерді қосу
Ескертпе
 
Әрбір динамик сымының жалаңаш бөлігін ұяшыққа 
толықтай енгізіңіз.
 
Жақсырақ дыбыс сапасы үшін тек жинақпен берілген 
динамиктерді пайдаланыңыз.
Оң жақ динамик үшін негізгі бөлікте 
«R» (ОҢ) деп белгіленген ұяшықтарды 
табыңыз.
Қызыл сымды қызыл (+) ұяшыққа, қара 
сымды қара (-) ұяшыққа қосыңыз.
Сол жақ динамик үшін негізгі бөлікте 
«L» (СОЛ) деп белгіленген ұяшықтарды 
табыңыз. 
Сол жақ динамик сымын қосу үшін 
2-қадамды қайталаңыз. 
Әр динамик сымын қосу үшін:
Ұяшық қақпағын төмен басып тұрыңыз.
Динамик сымын толығымен салыңыз.
Ұяшық қақпағын жіберіңіз.
 
FM антеннасын жалғау
•  Радионы тыңдау алдында қамтамасыз 
етілген FM антеннасын осы құрылғыға 
қосыңыз.
 
Қуатты қосу
Ескерту
 
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі 
құрылғының артқы жағында немесе астында 
көрсетілген кернеуге сәйкес екенін тексеріңіз.
 
Айнымалы ток сымын қосудың алдында барлық 
басқа қосылымдарды аяқтағаныңызды тексеріңіз.