Philips MCM2350/12 Manual De Usuario

Descargar
Página de 24
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
Қауіпсіздік
Мicro music system жүйесін пайдаланудың 
алдында барлық нұсқауларды оқып түсініңіз. 
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық 
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
 
Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз 
  
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы 
мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді. 
Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін 
корпусты алып тастамаңыз. 
«Леп белгісі» жұмыс және техникалық 
қызмет көрсету проблемаларын болдырмау 
үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс 
мүмкіндіктерге назар аударуға шақырады. 
АБАЙЛАҢЫЗ! От немесе ток соғу 
қауіптерін азайту үшін осы құрылғы жаңбыр 
немесе ылғал жерде ашық қалмауы және 
оның үстіне вазалар сияқты сұйықтықтармен 
толтырылған заттар қойылмауы тиіс. 
ЕСКЕРТУ! Ток соғу қаупінің алдын алу үшін 
штепсельді толығымен кіргізіңіз. (Полярлы 
штепсельдері бар аймақтар үшін: ток 
соғу қаупінің алдын алу үшін штепсель 
мен саңылаудың жалпақ жақтарын сәйкес 
келтіріңіз.) 
Қауіпсіздік
Абайлаңыз
 
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
 
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
 
Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан 
қарамаңыз.
 
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне 
қоюшы болмаңыз.
 
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін 
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс 
ұстаңыз.
 
Құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат сымына, 
штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол 
жетуін қамтамасыз етіңіз.
•  Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы 
немесе шашырамауы тиіс.
•  Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп 
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған 
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
•  Желі істікшесі немесе құралды 
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде 
қолданылғанда ажырату құрылғысы 
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
•  Желдету үшін өнім айналасында 
жеткілікті бос орын бар екендігін 
тексеріңіз.
•  Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ 
- Батарея ағып, нәтижесінде дене 
жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе 
құрылғының бүлінуін болдырмау үшін: 
•  Барлық батареяларды + 
және - полюстерін құрылғыда 
белгіленгендей дұрыстап алыңыз. 
•  Батареяларды араластырып 
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа 
немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
•  Батареялар (батарея топтамасы 
немесе орнатылған) күн сәулесі, от 
немесе соған ұқсас шамадан тыс 
қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
•  Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған 
кезде батареяларды шығарып 
алыңыз.
•  Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.