Philips 22PFH4109/88 Manual De Usuario

Descargar
Página de 74
Егер үй кинотеатрының жүйесінде HDMI ARC ұяшығы
болмаса, теледидардағы сурет дыбысын үй кинотеатрының
жүйесіне жіберу үшін оптикалық дыбыс кабелін (Toslink)
қосыңыз.
Дыбыс пен бейнені синхрондау
 
 
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.  
Дыбыс шығысының параметрлері
Дыбыс шығысы кідіру уақыты
Үй кинотеатры жүйесі (HTS) теледидарға қосылып тұрғанда
теледидардағы сурет және HTS жүйесіндегі дыбыс
синхрондалуы керек.
Дыбысты автоматты түрде бейнеге синхрондау
 
 
Соңғы Philips үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен
бейне автоматты түрде синхрондалады әрі әрдайым дұрыс
болады.
Дыбысты синхрондауды кешіктіру
 
 
Кейбір үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен бейнені
қадамдастыру үшін, дыбыс қадамдастырылуының кешігуін
реттеу қажет болуы мүмкін. Үй кинотеатрының жүйесінде
сурет пен дыбыс арасында сәйкестік болғанша, кідірту
уақытын арттырыңыз. 180 мс кідірту уақыты қажет болуы
мүмкін. Үй кинотеатры жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығын
оқыңыз. Үй кинотеатрының жүйесінде кідірту уақытын
орнатқанда теледидардың Дыбыс шығысын кідірту
мүмкіндігін ажырату қажет.
Дыбыс шығысын кідірту мүмкіндігін ажырату...
1. 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
2. 
TV settings (ТД параметрлері) > Sound (Дыбыс) > 
Advanced (Қосымша) > Audio out delay (Дыбыс
шығысының кідірісі) тармағын таңдаңыз.
3. 
Өшіру опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4. Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Дыбыс шығысын бітеу
Үй кинотеатрының жүйесінде кідіртуді орната алмаған
болсаңыз, теледидарды дыбысты синхрондайтын етіп
орнатуға болады. Теледидар суретінің дыбысын өңдеу үшін
үй кинотеатрының жүйесіне қажет уақытты қамтамасыз
ететін ауытқуды орнатуға болады. Мәнді 1 мс қадамдармен
орнатуға болады. Ең жоғары орнату уақыты — 12 мс. Дыбыс
шығысын кідірту параметрі қосылып тұруы тиіс.
Теледидарда дыбысты синхрондау...
1. 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2. 
TV settings (ТД параметрлері) > Sound
(Дыбыс) > Advanced (Қосымша) > Audio out offset (Дыбыс
шығысының ауытқуы) тармағын таңдаңыз.
3. Жүгірткіні пайдаланып дыбыс ауытқуын орнатып, 
OK
түймесін басыңыз.
4. Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Дыбыс шығысының пішімі
Үй кинотеатрының жүйесінде Dolby Digital, DTS® немесе
соған ұқсас көп арналы дыбысты өңдеу мүмкіндігі бар болса,
«Audio out format (Дыбыс шығысының пішімі)» «Multichannel
(Көп арналы)» мәніне орнатыңыз. Көп арналы мүмкіндігімен
теледидар қысылған көп арналы дыбыс сигналын
телеарнадан немесе жалғанған ойнатқыштан үй кинотеатры
жүйесіне жібере алады. Үй кинотеатрының жүйесінде көп
арналы дыбыс өңдеу мүмкіндігі болмаса, «Stereo (Стерео)»
параметрін таңдаңыз.
Дыбыс шығысының пішімін орнату. . .
1. 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2. 
TV settings (ТД параметрлері) > Sound
(Дыбыс) > Advanced (Қосымша) > Audio out format
(Дыбыс шығысының пішімі) тармағын таңдаңыз.
3.  
Multichannel (Көп арналы) немесе Stereo (Стерео)
параметрін таңдаңыз.
4. Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
10