LG D295 Manual De Usuario

Descargar
Página de 406
53
Күрделі баптаулар пайдалану
Көрініс іздегіште қосымша баптаулар ашу үшін 
 белгішесін түртіңіз. Камера 
баптаулар тізімді жылжыту арқылы өзгертуге болады. Опцияны таңдаған соң, 
 
түймесін түртіңіз.
Сурет ажыратымдылығын таңдайды. Егер жоғары ажыратымдылықты 
таңдасаңыз, файл өлшемі артады, яғни жадта азырақ фотосуреттерді 
сақтауға болады.
Суретке түсіру үшін келесі сөздердің біреуін айтыңыз: чиз, смайл, виски, 
кимчи немесе LG.
Түсіру түймешігі басылғаннан кейінгі кідірісті орнатады. Бұл суретке 
қосылу үшін қолайлы.
Оны көлденеңінен және тігінен сақтау мақсатында жақсырақ суреттер 
түсіру үшін оңай пайдалануға болады. 
Функцияның қалай істейтінін білу үшін анықтамалық нұсқаулықты ашады.
КЕҢЕС! Баптаулар мәзірі көрініс іздегіштің үстінде болады, осылайша сурет түсін 
немесе сапа элементтерін өзгерткенде Баптаулар мәзірінің артында өзгертілген 
суреттің алдын ала қарауын көресіз.
Фотосуретке жылдам түсіру
1  
Камера қолданбасын ашып, линзаны суретке түсіргіңіз келген затқа бағыттаңыз.
2  
Фокус жақтаулары бейнеіздегіш экранының ортасына шығады. Кез келген жерді 
түртіп, сол нүктені де фокустауға болады.
3  
Фокустау жақтауы көкке боялғанда камера түсірілетін нысанды фокустады.
4  
Фотосуретті түсіру үшін   түртіңіз.