LG LG Wine Smart - LG H410 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 352
Мультимедиа
56
Ағымдағы тректі қайта іске қосу немесе альбомдағы, ойнату 
тізіміндегі немесе еркін ойнатудағы алдыңғы трекке өткізу 
үшін түртіңіз. Артқа жылдам айналдыру үшін басып тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу үшін түртіңіз.
Музыкалар кітапханасын ашу үшін түртіңіз.
Ағымдағы ойнату тізімін еркін ойнату үшін түртіңіз (тректер 
еркін ретпен ойнатылады).
Барлық әндерді қайталау, ағымдағы әнді қайталау және 
қайталауды өшіру режимдерін ауыстыру үшін түртіңіз.
Әнді таңдаулыларға қосу үшін түртіңіз.
Ағымдағы ойнату тізімін ашу үшін түртіңіз.
Қосымша опцияларға қатынасу үшін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ
• 
Орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл 
пішімдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
• 
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда қате 
орын алуы мүмкін.
• 
Музыкалық файлдың авторлық құқықтары халықаралық келісімдермен 
және мемлекеттік авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалуы 
мүмкін. Сондықтан, музыканы қайта шығару немесе көшіру үшін 
рұқсат немесе лицензия алу қажет болуы мүмкін. Кейбір елдерде 
мемлекеттік заңдар авторлық құқықпен қорғалған материалды жеке 
пайдалану үшін көшіруге тыйым салады. Файлды жүктеу немесе 
көшіру алдында тиісті елдің мұндай материалды пайдалануға қатысты 
мемлекеттік заңдарын қараңыз.