LG LG G Pad 7.0 V400 Manual De Usuario
52
Bluetooth
Көптеген басқа ұялы телефондардағы және планшеттердегі сияқты
Bluetooth мәзірінен емес, іске қосылған сәйкес қосымша арқылы
деректерді жіберу үшін Bluetooth мүмкіндігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап
бермейді.
• Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы
қысқартылады.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы
мүмкін.
Bluetooth қосу және планшетті Bluetooth құрылғысымен
жұптастыру
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
1
Негізгі экранда
Қосымшалар > Қосымшалар қойындысы >
Баптаулар > Bluetooth тармағын таңдаңыз.
2
Bluetooth мүмкіндігін іске қосу үшін
қосқышын түртіңіз.
3
Планшетті басқа Bluetooth құрылғыларына көрінетін ету үшін
планшеттің атауының қасындағы құсбелгіні түртіңіз.