LG LGD618 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 403
45
Контактілер
Телефонға контактілерді қосып, оларды Google есептік жазбасындағы 
контактілермен немесе контактілерді синхрондауды қолдайтын басқа контактілермен 
синхрондауға болады.
Контактілерді іздеу
1  
Контактілерді ашу үшін   белгішесін түртіңіз. 
2  
Контактілерді іздеу белгішесін түртіңіз де, пернетақтаны пайдаланып контакт 
атын енгізіңіз.
Жаңа контакт қосу
1  
 түймесін түртіп, жаңа контактінің нөмірін енгізіңіз де,   түймесін түртіңіз. 
Контактілерге қосу > Жаңа контакт тармағын түртіңіз. 
2  
Егер суретті жаңа контактіге қосқыңыз келсе, кескін аймағын түртіңіз. 
Суретке түсіру немесе Галереядан таңдау опциясынан таңдаңыз.
3  
Контакт туралы мәліметтің санатын түртіңіз де, контакт туралы мәліметтерді 
енгізіңіз.
4  
Сақтау опциясын түртіңіз.
Таңдаулы контактілер
Жиі қоңырау соғылатын контактілерді таңдаулылар ретінде жіктеуге болады.
Контактіні таңдаулылар тізіміне қосу
1  
Контактілерді ашу үшін   белгішесін түртіңіз.
2  
Толық мәліметін көру үшін контактіні түртіңіз.
3  
Контакт атының оң жағындағы жұлдызшаны түртіңіз. Жұлдызша сары түске 
ауысады.