LG LGH422 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 432
32
Негізгі экраныңыз
Негізгі экранда қосымша белгішелерін реттеу
1  
Қосымша белгішесі ағымдағы орнынан босағанша басып 
тұрыңыз, одан кейін босатыңыз. Өңдеу белгішесі   
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында пайда болады.
2  
Қосымша белгішесін қайтадан басып, қажетті белгішенің 
дизайны мен өлшемін таңдаңыз. 
3  
Өзгерісті сақтау үшін 
OK түймесін түртіңіз.
Жақында пайдаланылған қосымшаларға оралу
1  
 опциясын түртіңіз. Жиі пайдаланылатын қосымша шолулары 
көрсетіледі.
2  
Қолданбаны ашу үшін қолданба шолуын таңдаңыз. Немесе 
алдыңғы экранға оралу үшін   түймесін түртіңіз.
Ескертулер тақтасы
Ескертулер жаңа хабарлардың келуі, күнтізбе оқиғалары 
және дабылдар, сонымен бірге бейнелерді жүктеп алу сияқты 
ағымдағы оқиғалар туралы ескертеді.
Хабарландыру келгенде, оның белгішесі экранның жоғарғы 
жағында пайда болады. Күтудегі ескертулердің белгішелері сол 
жағында пайда болады және Wi-Fi және батарея заряды сияқты 
нәрселерді көрсететін жүйелік белгішелер оң жағына шығады.
ЕСКЕРТПЕ. Қол жетімді опциялар аймаққа немесе қызмет 
провайдеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.