Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Қауіпсіздік жəне ережелер
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
9
Өнім қауіпсіздігінің сертификатталуы
Бұл өнім төменде тізілген қауіпсіздік стандарттары арқылы келесі ұйым тарапынан 
сертификатталды.
Бұл құрылғы тіркелген ISO9001 сапа жүйесі бойынша өнідірілді.
Негізгі ережелер
Xerox бұл құрылғының электрмагниттік сəулелену мен қорғалу стандарттарына 
сəйкестігін тексерді. Бұл стандарттар əдеттегі кеңсе ортасында құрылғыдан 
туындайтын немесе қабылданатын кедергіні азайтуға арналған.
Америка Құрама Штаттары (FCC ережелері)
FCC ережелерінің 15 бөліміне сəйкес, бұл құрылғы сыналды жəне А класындағы 
сандық құрылғыға арналған шектеулерге сəйкес келетіні расталды. Бұл шектеулер 
коммерциялық ортада зиянды кедергілерге қарсы қорғанысты қамтамасыз етуге 
арналған. Бұл құрылғы радио жиілігі энергиясын шығарады, пайдаланады жəне 
таратады. Егер ол осы нұсқауларға сəйкес орнатылып, пайдаланылмаса, ол радио 
байланыстарына зиянды кедергі келтіруі мүмкін. Осы құрылғымен тұрғын аймақта 
жұмыс істеу зиянды кедергіні туғызуы мүмкін, сондай жағдайда пайдаланушы 
кедергіні өз ақшасына түзетуі тиіс болады.
Құрылғыны өшіріп, қосу арқылы анықтауға болатын құрылғының радио немесе 
теледидардың қабылдау мүмкіндігіне зиянды кедергісі келтірілсе, пайдаланушының 
кедергіні келесі шаралардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы түзеткені жөн:
Қабылдағыштың бағытын немесе орнын ауыстырыңыз.
Құрылғы мен қабылдағыш арасындағы аралықты арттырыңыз.
Құрылғыны қабылдағыш қосылғаннан басқа тізбектегі розеткаға қосыңыз.
Көмек алу үшін дилер немесе тəжірибелі радио/теледидар маманынан кеңес 
алыңыз.
Xerox тарапынан нақты мақұлданбаған кез келген өзгертулер пайдаланушының 
құрылғыны басқару құқығынан айыра алады. FCC ережелерінің 15-бөліміне 
сəйкестігін қамтамасыз ету үшін, қорғалған интерфейс кабельдерін пайдаланыңыз.
Ұйым
Стандарт
Underwriters Laboratories Inc. (АҚШ / Канада)
UL60950-1 (2007) 2-шығарылым
CSA 22.2 № 60950-1-07 2-шығарылым
Underwriters Laboratories Inc. (Еуропа)
IEC60950-1:2005, (2-шығарылым) +A1:2009
EN60950-1:2006 (2-шығарылым) 
+A11:2009;+A1:2010;+A12:2011 (CB 
схемасы)