Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Қауіпсіздік жəне ережелер
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
20
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
Еуропалық Одақ
WEEE 2012/19/EU директивасы
Кейбір жабдықтар үйде/тұрмыста жəне кəсіби/бизнес қолданыста пайдаланылуы 
мүмкін.
Кəсіби/бизнес орта
Бұл таңбаның құрылғыңызға жабыстырылуы сіздің бұл құрылғыны 
мақұлданған ұлттық процедураларға сəйкес пайдалануыңыз қажеттігінің 
растауы болып табылады. Еуропалық заңнамаға сəйкес, істен шыққан 
электрлік жəне электрондық жабдықтардың қоқысқа тасталуы 
мақұлданған процедуралар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Үй/тұрмыс ортасы
Бұл таңбаның құрылғыңызға жабыстырылуы сіздің бұл құрылғыны 
қалыпты тұрмыстық қоқысқа тастамауыңыз қажеттігінің растауы болып 
табылады. Еуропалық заңнамаға сəйкес, істен шыққан электрлік жəне 
электрондық жабдықтар тұрмыстық қоқыстан бөлек тасталуы тиіс. ЕО 
мүше мемлекеттері ішіндегі жеке шаруашылықтар пайдаланылған 
электрлік жəне электрондық жабдықты арнайы жинау пункттеріне тегін қайтара 
алады. Ақпарат алу үшін жергілікті жою органына хабарласыңыз. Кейбір мүше 
мемлекеттерде жаңа құрылғы сатып алған кезде жергілікті сатушыңыздың ескі 
құрылғыңызды тегін қайтарып алуы қажет болуы мүмкін. Ақпаратты сатушыңыздан 
сұраңыз. Қоқысқа тастаудың алдында жергілікті дилеріңізден немесе Xerox өкілінен 
қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейінгі қайтару туралы ақпарат алыңыз.
Энергия бағдарламасымен 
сəйкестік
Барлық нарықтар
ENERGY STAR
ENERGY STAR бағдарламасы қоршаған ортаға əсерді азайтуға 
көмектесетін, қуатты тиімді тұтынатын үлгілерді əзірлеу жəне алға 
бастырудың ерікті схемасы болып табылады. ENERGY STAR 
бағдарламасы жəне ENERGY STAR үйлесімді модельдер туралы 
мəліметтерді төмендегі вебсайттан алуға болады:
www.energystar.gov/products/certified-products/detail/imaging-equipment