Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Жұмысқа кірісу
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
26
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
Xerox® ConnectKey бағдарламалары туралы толығырақ ақпарат алу үшін, 
www.xerox.com/XeroxAppGallery сайтына кіріңіз.
Ескертпе: 
ConnectKey бағдарламалары құрылғыңыздың үлгісі мен бағдарламалық 
жасақтама нұсқасына байланысты қолжетімді болады.
ConnectKey бағдарламаларын пайдалану үшін құрылғыңыздың Интернет желісіне 
қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Қызметтер мен опциялар
WorkCentre 5845 стандартты жəне қосымша опцияларын 
анықтау
Құрылғыңызбен пайдалануға болатын бірнеше қызметтер мен опциялар бар. 
Қызметтер жəне опциялардың көпшілігі стандартты жəне тек іске қосуды немесе 
қосымша үшінші жабдықпен конфигурациялауды қажет етеді.
Қосымша функциялар мен жинақтар да қолжетімді жəне оларды сатып алып, 
орнатуға болады.
Опциялар құрылғыңыздың үлгісі мен бағдарламалық жасақтама нұсқасына 
байланысты қолжетімді болады.
Стандартты
1-қағаз тартпасы - толықтай реттелетін қағаз тартпасы.
2-қағаз тартпасы - толықтай реттелетін қағаз тартпасы.
3-қағаз тартпасы - сыйымдылығы жоғары қағаз тартпасы.
4-қағаз тартпасы - сыйымдылығы жоғары қағаз тартпасы.
5-қағаз тартпасы (бұрма тартпа) стандартты емес басып шығару мультимедиа 
үшін пайдаланылады.
Қауіпсіздік жинағы кескінді қайта жазу опциялары сияқты қосымша қауіпсіздік 
мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Түс сканері түспен сканерлеу үшін пайдаланылады.
Сервер факсы факс сервері пайдаланушыларға басып шығарылған факстарды 
жіберуге жəне қабылдауға мүмкіндік береді. 
Конфигурациялау жəне орнату үшін үшінші тараптың факс сервері қажет.
Интернеттік факс пайдаланушыларға факстарды Интернет жəне интранет 
арқылы жіберуге жəне қабылдауға мүмкіндік береді.
Сканерлеу электрондық пошта жəне Workflow Scanning (Жұмыс ағынын 
сканерлеу) қызметтерін іске қосады.
Қосымша
6-қағаз тартпасы - сыйымдылығы жоғары қағаз тартпасы.
6-тартпаның үлкен қағаз жинағы үлкен қағаз көлемдерін ұстап тұру үшін 6-қағаз 
тартпасын түрлендіреді.